Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестің атқарар ісі ауқымды

Қазақстандық қоғамдық даму институтында Қоғамдық кеңестер отырысы өтті
Қоғамдық кеңестің атқарар ісі ауқымды
Фото: El.kz 20.09.2022 16:43 1356

Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында Мемлекет басшысының Жолдауындағы қоғамдық бақылау мәселелері жөніндегі негізгі ережелерін талқылау отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz.

«Бұл кездесу Мемлекет басышысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын, оның ішінде қоғамдық кеңестер қызметін қайта өзгертудің маңыздылығы туралы мәлімдемесін талқылау үшін ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы сұрақтар көп. Себебі олар Президенттің «естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды құралына айналып келеді. Сондықтан да, қоғамдық бақылауды күшейту үшін, қоғамдық кеңестердің мәртебесін көтерген дұрыс», - деді Қазақстандық қоғамдық даму институты аналитик-менеджері Елдос Жұмағұлов. 

Жиынға саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Жиында мамандар Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің жұмысы мен олардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің кем-кетік тұстарын атап өтіп, талқыға салды. 

«Қоғамдық кеңестің қарапайым халыққа беретін көмегі көп. Мысалы, мен «Әйелдерді қолдау» орталығымен тығыз жұмыс істеймін. Біз Қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейте отырып, отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын шегіп отырған әйелдерге қолдау көрсете аламыз. Қоғамдық кеңестер бір-бірімен байланыса отырып жұмыс істесе мәселенің шешімін табуға мүмкіндік артады. Сондықтан да кеңестің ауқымды және өзекті тақырыптарды алдыңғы қатарға қою маңызды», - деді Ішкі істер органдарының қызметі туралы қоғамдық кеңестің мүшесі Баян Тойкебаева.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға