Жаңалықтар

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

Елордадағы қоғамдық көліктерге рейд жүргізілді
Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?
Фото: Миражан Махан 10.08.2022 13:53 3018

Елордада қоғамдық автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қандай жағдай жасалғанын тектеру мақсатында арнайы рейд жүргізілді, деп хабарлайды El.kz. 

Кенесары және Республика даңғылындағы аялдамаларда жүргізілген рейд барысында қоғамдық көліктегі бірнеше кемшілік анықталды. 

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

Әсіресе ескі сары түсті автобустарда мүгедектерге арналған пантустың қарастырылмағаны белгілі болды. Ал қалалық автобустардың есігі тар және ішкі баспалдақтары биік орналасқандықтан, арбаға таңылған жандар үшін қолайсыз болып шықты. Сондай-ақ қалалық автобустарда мүгедектерге арналған орын мен арнайы тетікшелер қарастырылмаған. 

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

«Автобуста мүгедектерге арналған орыннан бөлек, қауіпсіздік белдігі, тоқтау белгісін беретін мүгедекерге арналған тетікшелердің жұмыс істеп тұруы маңызды. Ескі автобустарда мүгедектер үшін пантус қарастырылмаған. Ал жаңа жасыл түсті автобустардың 90 пайызында пантус пен тетікшелер жұмыс істеп тұр. Дегенмен, қауіпсіздік белдігі болмаған жағдайлар да орын алды. Автобусқа мінерде арбаны алдымен мінгізіп, түсерде артымен түсірген дұрыс. Осы тұста жүргізушілерге ескерту жасау маңызды. Себебі, автобусқа мініп-түсудің де қауіпсізідігін сақтаған жөн», – деді «Мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Отарбаев. 

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

Сонымен қатар автобус жүргізушілері арбаға таңылған жанды көрген кезде тоқтамай немесе автобусқа отырғызбай кететін сәттері де болды. Олардың көбісі автобуста пантустардың жоқтығынан немесе адам санының көптігінен солай жасауға мәжбүр. 

«Әр рейдтен кейін жүргізушілерге инструктаж жүргіземіз. Яғни, жолаушымен бірінші сәлемдесу қажет, сосын оған көмек керек пе, соны сұрау керек. Кейін қай жерге дейін баратынын нақтылап, автобуста барлық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, орналастыру маңызды екенін айтамыз. Егер жүргізуші осы талаптарды орындамай, үстінен шағым түскен жағдайда айыппұл салынады. Егер ол қателікті қайталаса жұмыстан да шығарылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар аударылады», – деді «City Transportation Systems» ЖШС басшысы. 

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

Мекеме басшысының айтуынша, алдағы уақытта мүгедектігі бар жандар үшін қолайсыздық тудыратын автобустарды қолданыстан алып тастау жоспарланып отыр. Алайда автобустардың тапшылығынан әзірге бұл мүмкін болмай тұр. Сондай-ақ жолаушылардың саны артатын таңғы және кешкі уақыттарда да арбада отыратын кісілерге жағдай жасалатын болады. 

Қоғамдық көліктерде арбаға таңылғандар үшін жағдай жасалған ба?

«Қазіргі таңда қаламызда 96 автобус бар. Олар күнделікті 800-ден астам айналым жасайды. Жүргізушілер жұмысты бастамас бұрын, міндетті түрде техникалық қауіпсіздікті тексереді. Осы орайда қаладағы автобустардың жай-күйін көріп, тексеру мақсатында әр маусым сайын рейд жүргізіп отырамыз. Рейд арқылы арбаға таңылған жандармен бірге автобустардағы пантустардың жұмысын және қауіпсіздік ережесін бақылаймыз», – деді «City Transportation Systems» ЖШС басшысы Ғани Тажиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға