Қоғамда өзін дұрыс ұстаудың ережелері
Бірінші ереже. Әңгімелесудің алғашқы 60 секунды Сіз қандай адам екендігіңізді толық көрсетеді. Жүрісіңіз, сымбатыңыз, танысқан кездегі өзіңізді қалай ұстағандығыңыз, алғашқы айтқан сөздеріңіз, дауысыңыздың тембрі, киіміңіз, шашыңыз...- осының барлығы Сіз жайлы алғашқы пікір қалыптастырады.
Пунктуалдылық, яғни барлығын уақытында істеу.
Уақытты дұрыс жоспарлау, тапсырманы уақытында орындау, кездесудегі пунктуалдылық – осының барлығы іскер адамды жақсы қырынан көрсетеді. Мысалы, маңызды кездесуге кешігіп келгеніңіз – сіздің сенімсіз адам екендігіңізді көрсетіп, кездесу болмауы мүмкін. Кәсіби білікті адамдар тек өз уақытына ғана емес, сонымен қатар басқа адамның да уақытына құрметпен қарайды.
Тек өзін ғана емес, басқаларды да ойлау, ұжыммен жақсы қарым-қатынаста болу.
Өзімшілдік, басқа пікірді құрметтемеу, шыдамсыздық – осының барлығы бумеранг сияқты сізге қайтып келуі мүмкін. Кез келген қызметкер, сынға, қоластындағылардың кеңесіне құлақ асуы керек және әріптестерінің тәжірибесін құрметтеген жөн.
Сіздің сөйлеген сөзіңіз, жазған жазуыңыз сауатты болғаны жөн.
Адамның сауатты сөйлей білуі оның кейпіне жалпы ықпал етеді. Сөйлей білгендігіңіз кез келген сұрақты шешуге көмектеседі. Бүгінгі күннің іс адамына жетістікке жету үшін, риторика өнерін игеру керек, яғни сөзге шешен болғаны жөн. Өзіңіздің дикцияңызды, сөзді жеткізуіңізді, интонацияңызды қадағалауыңыз керек. Іскерлік кездесуде ешқашан жаргон сөздерді қолдаңбаңыз, басқа адамдарды тыңдай біліңіз, сізге оны тыңдау қызық екендігін көрсете біліңіз.
«Тең жағдайда» кім бірінші болып амандасады (жасы, жынысы, қоғамдағы орны)?
Осы сұраққа жауап беру үшін франциялық әскери жарғысын еске түсірген жөн, ол жерде айтылғандай, шендері бірдей офицерлер кездескенде, ең бірінші болып тәрбиелісі амандасады. Шынын айту керек, бұл осы сұрақтағы ең дұрыс шешім болып табылады.
Сізге қол созған адамның қолын ұстамағаныңыз, бұл адамды қорлағаныңыз болып табылады. Осындай әрекетті тек жауласқан адаммен ғана жасауға болады.
Егер сіз қолғапта болсаңыз, амандасқанда қолғапты шешкеніңіз жөн. Тек әйелдер ғана ер кісілермен амандасқанда қолғапты шешпейді. Әрине осындай жағдайда әйелдің қолынан сүймейді. Әйелдің қолын сүю дәстүрі бізден гөрі көбінесе Батыс елдерінде кең таралған. Ал егер салтанаттарда, марапттауларда әйелдің қолын сүйсе, бұл оған деген құрметтің көрінісі болып табылады. Қолдан сүю тек «символдық» тұрғыда болу керек, яғни ерінді ақырын ғана қолға тигізу. Қатты сүю әдепсіздік болып саналады.
Шиеленіс жағдайында өзін ұстаудың ережелері.
- Есте сақтаңыз, шиеленіс кезінде, адамда алға сана емес, эмоциялар шығады, бұл аффекте әкеледі.
- Көпальтернативті амалын ұстаныңыз, өз ұсынысыңызды жасай отырып, әріптесіңіздің ұсынысын жоққа шығармаңыз.
- Шиеленісті шешудің сізге маңызды екендігін түсініңіз.
- Егерде сіз және әріптесіңіз ашуланған, агрессивті жағдайда болсаңыз, ішкі ашуыңызды басыңыз.
- Адамдағы жағымды, жақсы қырларына назар аударыңыз, осындай жағдайда ол одан да жақсы болуға әрекеттенеді.
- Әріптесіңізге сіздің орыныңызға тұруды ұсыныңыз. Бұл қиын жағдайды шешіп, оны эмоциялық күйден жағдайды түсіну күйіне әкеледі.
- Өз жетістіктеріңізді өтірік еселетпеңіз. Біреуден жоғары екендігіңізді көрсетпеңіз.
- Қалыптасқан жағдай үшін тек өз әріптесіңізді айыптамаңыз.
- Келіспеген жағдайдың нәтижесіне қарамастан қарым-қатынасты бұзбауға тырысыңыз.