Жаңалықтар

Нью-Йоркте C5+1 форматында СІМ басшылары кездесті

Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.
Нью-Йоркте C5+1 форматында СІМ басшылары кездесті
Фото: СІМ баспасөз қызметі 23.09.2022 08:54 989

БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының қатысуымен С5+1 форматында сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады.

Кездесуге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды институционалдық қолдауды және үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.

М.Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», - деп атап өтті СІМ басшысы.

Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға