Нысана көздеу: қазақстандық спортшы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Арина Алтухова жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.
Оқи отырыңыз:
- Еркін күрестен Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды
- Жеңіліп көрмеген британдық Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Бұл жаттығуда Вивьен Джой Джегги (Швейцария) әлем чемпионы атанды. Ол біздің Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде.
Айта кетейік, жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен Әлем Кубогында жеңіске жеткен.