Нысана көздеу: Никита Чирюкин əлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
19.07.2023 14:11
1152
Нысана көздеуден ұлттық құрама спортшысы Никита Чирюкин Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ.
Жеңімпаздың бапкері - Рашид Юнусметов.
Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеді.
Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.
Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биыл бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға