Жаңалықтар

Нығматулиннің қанша жылға сотталатыны айтылды

Нығматулиннің қанша жылға сотталатыны айтылды
Фото: ©El.kz 08.03.2025 13:01 377

Бас прокуратура Арғын Нығматулинге және басқа да тұлғаларға аса ірі көлемде уақытша мүлікті заңсыз иемденді немесе жымқырды (ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) деген күдікке байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, Арғын Зайруллаұлы 1955 жылы дүниеге келген. 2007 жылдан 2018 жылға дейін «Сарыарқа» хоккей клубы ЖШС директоры қызметін атқарған. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға