Жаңалықтар

Нұржігітов «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты

Нұржігітов «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 29.04.2023 16:45 2101

Облыс әкімі «Жуалы-2023» тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Қуатты  Армия» - Жаңа Қазақстан. «Жуалы-2023» тактикалық оқу – жаттығуының жабылу шарасына Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы  Мереке Көшекбаев қатысты.

Айта кетейік, тексеру жиыны барысында, әскери міндеттілер бір апта көлемінде, әскери дайындық сабақтарынан өтіп, бүгінгі күні арнайы тактикалық оқу жаттығуда аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тапсырылған нысандарды күзету және қорғау, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресті ұйымдастыру бойынша дайындықтарын жетілдіріп, тәжірибе алмасты.

Аймақ басшысы алдымен 91768 әскери бөлімінің «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында әскери қару-жарақтардың және жас сарбаздар мен әскери міндеттілердің дайындығымен танысты. Сондай-ақ, «Жуалы-2023» тексеру жиынының әскери міндеттілермен өткізілген арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын көрді.

«Мемлекет аумақтық қорғаныс әскерлерінің дайындығы мен материалдық-техникалық жабдықтармен толығымен қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстауда. Бұл бағыттағы жұмыстар облыста да жоспарлы түрде атқарылуда. Облыстық бюджеттен аумақтық қорғаныс бригадасының материалдық-техникалық құралдарын сатып алуға және оқу-жаттығуларды өткізуге 2023 жылы 500 миллион теңге қаралды», - деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, тексеру жиынына атсалысқан бірқатар азаматар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Нұржан Нұржігітов полигонның байланыс торабы, жатын орны, медициналық пункті мен асханасының жай-күйімен танысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға