Жаңалықтар

Нұржан Нұржігітов Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Нұржан Нұржігітов  Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 02.04.2024 22:46 686
Жалпы сыйымдылығы 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасы 89%-ға толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
27 наурыздан 2 сәуірге дейін су қоймасынан 246 миллион текше метр су жіберілді. Қазіргі таңда секундына 500 текше метр су жіберіліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді. 
 
Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындары Су ресурстары және ирригация министріне көмек алу және су тасқыны жағдайы туралы сұрақтарын қойды. Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы туралы айтып берді.
 
Сондай-ақ, тасқын суын жіберу бойынша іс-шаралардың барысы туралы баяндады.
«Қазсушар» РМК, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. «Қазгидромет» болжамы бойынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Ақтөбе су қоймасына 210 млн текше метр, Қарғалы су қоймасына 180 млн текше метр су келуі мүмкін. Сондықтан біз су қоймалары өзара байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз «Қазсушар» РМК жүргізіп жатқан жұмысты талдап, қажетті шешім қабылдаймыз, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға