Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығынан мәлім етті
Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: sputnik.kz 20.01.2023 16:10 1140

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Емдеу процедурасы өткен жылы жоспарланған болатын. Пациенттің жұмысбастылығына байланысты процедураны ыңғайлы уақытта өткізу туралы шешім қабылдады. Таңдау бүгінге түсті. Айта кететін жайт, кез келген пациент кейбір медициналық ақпаратты жария етпеуге құқылы. Нұрсұлтан Назарбаев емдеу процедурасынан сәтті өтті. Пациенттің қазіргі жағдайы жақсы», - деді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевқа ота жасалмаған, нақтысы емдеу-диагностикалық процедурадан өткен. Аталған процедура 2,5 сағатқа созылды. Пациент 1-2 күнде үйге шығарылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға