Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қазір қайда жүр?

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қазір қайда жүр?
Фото: gov.kz 28.02.2024 13:43 884

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында Самат Әбішке қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды EL.kz  ақпарат агенттігі.

Сөзінше, қазіргі таңда Самат Әбіш Қазақстанда жүр.

Оның ісі сотта екенін жақсы білемін. Сондай-ақ, ол Қазақстанда жүр. Оған Қазақстан шекарасынан тыс жерге шығуға болмайтын  шешім шығарылған.  Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатыр, - дейді Әсет Шындалиев.

Айта кетейік, ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты іс Қаңтар оқиғасынан көп уақыт өткен соң қозғалды. Ал ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Қаңтар оқиғасынан соң сотталған. Оларға "қызметін асыра пайдаланды", "билікті басып алмақ болды" деген айыптар тағылған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға