Жаңалықтар

Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды

Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан күрес түрлері федерациясы 30.03.2025 21:27 437

Иорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еркін күрестен 74 келіде күрескен отандық бозкілем шеберлі шешуші сында қырғыз балуаны Орозбек Токтомамбетовті 2:1 есебін жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан құрлық чемпионатында үшінші рет топ жарды.

Бүгін Қайпанов іріктеу бәсекесінде 1/8 айналымында Магомедрасул Аслуевты (Бахрейн), одан кейін ширек финалында моңғолиялық Батбаяр Батсухтан басым түсті. Ал жартылай финалда парсы балуанын 6:1 нәтижесімен қапы қалдырды.

Естеріңізде болса, Нұрқожа Қайпанов өткен жылдың соңында Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келіде чемпион атанған болатын.

Сондай-ақ бүгінгі сында 86 келіде Болат Сақаев финалда парсы балуанымен чемпиондықты сарапқа салады. Ал 92 келіде Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін күреседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға