Жаңалықтар

Нұрқожа Қайпанов Стамбул турнирінде жолдама үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов Стамбул турнирінде жолдама үшін күреседі
Фото: olympic.kz 01.05.2024 16:48 758

9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожа Қайпановтың белдесетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз күреседі деп жоспарланған.

Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбулдағы турнирге Қайпанов қатысады, - деді бас бапкер. 

Нұрғожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирге қатысып, жартылай финалда ирандық балуанға ірі есеппен жол берген еді. 

Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан командасында 57, 65 және 74 келі салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға