Жаңалықтар

Нұрқанат Серікбаев Азия чемпионатында неліктен ұтылғанын түсіндірді

Нұрқанат Серікбаев Азия чемпионатында неліктен ұтылғанын түсіндірді
Фото: Olympic.kz 26.04.2024 06:33 807

Гонконгте өткен дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Серікбаев бесінші орын алды. 60 келі салмақтағы ел үздіктерінің бірі сәтсіздік себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Азия біріншілігіне бабымда бардым. Қандай да бір кедергілер болған жоқ. Сондықтан, жеңіліске өзім кінәлімін. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Веймен белдесіп, қосымша уақытта ескерту саны бойынша ұтылдым. Ал қола медаль үшін күресте қарсыласымды "ваззари" ұпайымен жеңіп жатқан едім. Соңғы бір минутта босаңсып кеттім. Қарсыласым осы сәтті пайдаланды. Енді мұнымен тоқтамай, алда өтетін екі ірі турнирде жүлде алуға тырысамын. Алдымен Душанбедегі (Тәжікстан), кейін Астанадағы Grand Slam турнирлеріне қатысамын, - деді Серікбаев.

Нұрқанат Серікбаев 60 келі салмақ дәрежесіндегі олимпиадалық рейтингте 14-орында тұр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға