Нұрлан Өнербаев Түркиядағы қазақтарды әнімен жылатты
Фото: tiktok.com/@zhamilyabakhtiyarqz
Фото: tiktok.com/@zhamilyabakhtiyarqz
10.01.2025 16:49
276
Ыстамбұлда жас ақын, жазушы, журналист Жәмиля Бақтиярқызының кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бәйшешек» кітабының түрік тіліндегі аудармасының таныстырылымына Қазақстаннан барған бірқатар өнер иесі қатысты. Тіпті өнерін ортаға салды. Соның ішінде әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ студенттерінің алдында «Анашым» әнін шырқап, ал Досымжан Таңатаров оны домбырамен сүйемелдеген.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан залға лық толған жастардың да әнді қосылып шырқап отырғанын көруге болады. Кадрдан байқалғандай, студенттердің арасында көз жасына ерік бергендер де бар.
@zhamilyabakhtiyarqz ♬ original sound - baisheshek_karlygash
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға