Нұрлан Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін
Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
03.08.2023 20:07
1676
Павлордар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің сот отырысында прокурор оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Прокурор Мәсімовтің Алакөлдің жағалауындағы үйін тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті.
Павлодар облыстық полициясының бұрынғы бастығы аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.
Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, жемқорлық әрекеті 2020 жылы жасалған. Сол жылғы көктемде генерал-майор Нұрлан Мәсімов өзінің орынбасарына демеуші талап етуді тапсырып, оны өз қамқорлығына алуға уәде берген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Техникалық байқау» құжаты биыл цифрлы форматқа ауыстырылады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты