Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz
15.11.2023 11:30
1877
Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты оқырман сұрағына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Имамға тікелей эфирде «Әйелін ұрып өлтірген министр туралы естідіңіз бе?» деп сұрақ қойған еді.
Министр туралы білмеймін, бірақ әйелді ұрып-соғу бізде жаңалық емес. Маған «Әйелдің сөзін сөйлейсің» деп еркектер ренжіп жатады. Пікірлерді де өздеріңіз көріп жатырсыздар… Бұл жақсы емес. Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі, - деп жауап берді имам.
Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, екі айға қамауғаа алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға