Жаңалықтар

Нұрлан имам ананың қарғысы үш ұлын ұрпақсыз қалдырғанын айтты

Нұрлан имам ананың қарғысы үш ұлын ұрпақсыз қалдырғанын айтты
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz 17.01.2025 16:40 605

Көпшілік арасында Нұрлан имам аталып кеткен Нұрлан Байжігітұлы адамдарды біреуді қарғаудың соңы жақсы болмайтынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқырмандардың бірі имамнан біреуді қарғаудың, өлім тілеудің салдарын сұрады.

Маған бір азамат келіп, ебіл-дебіл боп жылады. Сонан соң былай деді: «Анам дүниеден өтіп кетті. Сол кісі кішкентай кезімізде бәрімізді «тұқымың құрғыр» деп ұрысатын. Алдымда екі ағам бар, екеуінің де баласы жоқ. Мен – үшіншісімін. Менде де бала жоқ».

Сондықтан, құрметті аналар! Жақсы сөз – жарым ырыс. Балаңыздың бақыты да, қиянат-қиыншылығы да – сіздердің қолдарыңызда. Жақсы сөз айтыңыздар. Періште «әумин» дейді. «Ұрпағың жайылғыр, көсегең көгергір» деп айтатын аналардан тарамап па едік?! Сөзімізге қарғыс пен лағынет араласатындай не болды?!

«Алладан үмітіңді үзбе» деп дұға етіп жібердім, — дейді Нұрлан имам.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрлан имам (@nurlanimam.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға