Нұрлан Домбаев Пара Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
25.10.2023 14:54
633
Қазақстандық спортшы Нұрлан Домбаев пара таэквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін өткен сайыста біздің отандасымыз Қытайдан келген палуанды 8:6 есебімен жеңді. Жекпе-жек 80 кг (К44) дейінгі салмақ дәрежесіндегі таеквондошылар арасында өтті.
Бұған дейін қазақстандық атлеттер Пара Азия Ойындарында 5 алтын медаль иеленген еді. Оның ішінде дзюдошылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды