Жаңалықтар

«Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет»: Атыраулық келіншек үшем дүниеге әкелді

«Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет»: Атыраулық келіншек үшем дүниеге әкелді
Фото: Видеодан кадр 02.10.2024 15:30 446

Атырау облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. 28 жастағы Ергалиева Арай үшемді 25 қыркүйек күні дүниеге алып келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала жоспар бойынша ауданнан облыс орталығына портал арқылы жеткізілдім. 25-қыркүйек күні 2249гр, 2599гр және 2608 гр салмақтағы үш ұлды дүниеге әкелдім. Жағдайымды қадағалаған Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне үлкен алғысымды білдіремін», дейді жас ана

Перзентханадан жаңа шыққан көпбалалы ананы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев арнайы құттықтап, нәрестелерге балалар арбасын сыйлады.

Бүгін Атырау үшін қуанышты жағдай. Бір аптадан бері облыстық перинаталдық орталықта бақылауда болды. Қазргі кезде ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Жалпы өңірде жылына 170-ке жуық егіз дүниеге келеді. Үшемнің дүниеге келуі соңғы жылдағы үшінші жағдай, - дейді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Үшемнің ата-анасы Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Сафон ауылында тұрады. Айта кетейік, Мұрабек пен Арай үшемді қосқанда бүгінде бес баланың ата-анасы атанды. Жас ана Құрманғазы ауылында тарих пәнінің мұғалімі, ал үшемнің әкесі Мұрабек Асқарұлы полиция бөлімінде қызмет етеді. Нәрестелерге Нұрислам, Нұриман, Нұрмұхамбет есімдері берілді.

Жалпы облыс бойынша биылдыққа үшемнің дүниеге келуі екінші рет, ал Құрманғазы ауданында жеті жылдан кейін қайталанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға