Жаңалықтар

Нұргүл Оқашева: «Өлең – бекзат өнер»

Ақын қызбен сырласу
Нұргүл Оқашева: «Өлең – бекзат өнер»
15.04.2019 11:12 10621

Нұргүл Оқашева 1990 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Мергенсай ауылында дүниеге келген. «Жүрегім жырдан ғана жаратылған» және «Күз бен қыз» жыр жинақтарының авторы. Бірнеше облыстық, республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы. Фариза Оңғарсынова атындағы «Өлең, мен сені аялап өтем» атты ақын қыздар арасындағы жыр бәйгесінің І орын иегері. Айта берсек, Нұргүлдің өлең әлеміндегі жетістігі біршама. Күләш Ахметова, Фариза Оңғарсынова, Гүлнәр Салықбаева сынды қазақтың нәзікжанды жыр шеберлерінің ізін жалғап жүрген, құдіреттің өнердің етегін ұстап, сұлу да сырлы өлеңдері арқылы оқырмандар жүрегіне жол тартқан ақын қызбен сұхбаттасқан едік.

Тұманбай Молдағалиев естеліктерінде қолына қалам алуға түрткі болған мектепке келген «өлең жазғыш» жаңа оқушы екенін айтады. Қазақтың қарымды ақындарының біріне айналған Тұмағамыз соған еліктеп, тұңғыш өлеңдерін өмірге әкеліпті. Сізде де осындай түрткі болған оқиға бар ма?

Өлең екінің бірінің, егіздің сыңарының маңдайына бұйыра бермейтін саф өнер. Халқымыздың арғы-бергі поэзиясында айшықты қолтаңбалары қалған, қазақ өлеңін белгілі бір деңгейге жеткізуге үлес қосқан ақындардың ғұмырдариясы әртүрлі. Өзіңіз айтып отырған, Тұманбай Молдағалиев мектепте оқып жүргенде өлең жазып, студент кезінде оқырманға алғаш туындысын ұсынған. Сол сияқты Фариза апамызды, ақиық Мұқағали ақынды, Жұмекен Нәжімеденов, Жұматай Жақыпбаев сынды аяулы тұлғаларды айтсақ, әрқайсысының өлеңге келу тарихы бар. Мен орта мектептің 6-сыныбында оқып жүргенде ұстазым Рәшит Шүкірәлиев үйге «өлең жазып келіңдер» деп тапсырма берді. Ағам сабақты жақсы оқитын. Ол маған табиғат туралы жазып берді. Оқып қарасам, ұйқасы, айтар ойы бар өлең. Оны сыныпта оқып, жақсы баға алдым. Содан бастап өлең жаза бастадым. Біреу ренжітсе, көңілімді қалдырса бір сәттік көңіл күйімнің бәрін қағазға түсіруге асығатынмын. Осылайша ақын Гүлнәр Салықбай апамыз айтқандай, «Абайсыз ақын болып кеттім мен де». 

Ал өлеңсіз өміріңіз қандай болар еді?

Өлең киелі өнер. Сондықтан да ақындар қарапайым адамдарға қарағанда өзгешелеу. Біз табиғаттың бір көрінісіне қарап тұрып екі дүниені көруіміз, сезінуіміз мүмкін. Менің өмірім өлеңім. Онсыз өмірді мүлде елестете алмаймын. Бір кездері айлап, жылдап өлең жазбай кеткен уақытым болды. Жүрегіңнен төгіліп түскісі келген тәтті ойларды күйбең тіршілік, күнделікті жұмыс бөгеп тастайды. Бұлай жүре берсем, өлеңді тұншықтырып өлтіретін түрім бар екен. Сондықтан оны аялауды үйрендім. Оған уақыт бөлудің қажеттігін сездім. Марғасқа ақын Мағжан Жұмабаев «Өлең менің шолпаным, Айым, Күнім» деп жырлаған. Мен үшін де солай.

– Киелі өнер тағдырыңыздың тамаша сыйы екенін түсіндім. Сол сияқты «өлең сізді тағы неден құтқарады»?

Өлең жан дүниеңдегі арпалыс, қарсылық, ішкі жалғыздығыңмен күресу. Бұл сауалыңызға мына өлеңіммен жауап бергенім жөн сияқты.

 …Жүрeгiмдi aяймын!..
Кeтe мe дeп «пәршaлaп» кiм көрiнгeн?
Сәттeрiмнeн сaғынғaн һәм жeрiнгeн.
Eкiжүздi, пaйдaкүнeм, пәтшaғaр –
қорғaй aлмaй қaлaм бa дeп Өмiрдeн?

Қyaныштaй «жaлқылaрғa» сыйлaр Мұң,
Оңaшaдa ойғa бaтып… Қинaлдым.
Бiрi болып кeтe мe дeп қорқaмын,
Жүрeк aтын жaмылғaн көөп «Ми»-лaрдың.

Сaқтaй aлмaй қaлaм бa дeп Солaрдaн,
Aрмaндaрдaн, Үмiттeрдeн жоғaлғaн.
Мeн күн сaйын Жaлғызiлiк күй кeшeм,
Жүрeгiмдi бөлiп aлып Қоғaмнaн.

Сәттeрiмдe бiр жылaтқaн, бiр күлгeн,
Жүрeгiмдi жyып қоям кiл «Мұңмeн».
Өмiрiмнiң aрaшaлaп көзiнeн,
Өлeңiмe орaп aлып жүрмiн Мeн.

Сенесіз бе, кейде ол мені өмірден де құтқарады!

– Тамаша жыр! Сіздің өлеңдеріңізді тағы ақтара отырып, мына жолдарға көзім түсті. «...Әйелдерге күлкім келді содан соң, Тіршіліктің сүйреп жүрген кебісін...» дейсіз. Сонда сіз күлмейтін әйелдердің бейнесі қандай?

Өлең бір сәттік көңіл күй үстінде жазылады. Сондықтан да оны оқып отырып, мына ақынның түпкілікті көзқарасы сондай екен немесе өмірі тура өлеңіндегідей екен деп қарауға болмайды. Ақын тек өлең жазғанда ақын, күнделікті тірлікте қарапайым адам. Сол сияқты бұл жерде мен қыздарды, келіншектерді, әйелдер қауымын кемсітіп тұрғаным жоқ. Күліп те тұрғаным жоқ. Бұл өлеңімді көшеде келе жатып телефонға жаздым. Әлемдегі барлық қыз - келіншектерден өзімді үстем қойып келген шығар, кім білсін!

Қадыр Мырза Әли «Даңқ–ақынның бірінші бақыты емес» дейді, сіздіңше, ақынның алғашқы бақыты не?

– Атаң даңқ, марапат дегендерге бас қатырған адам емеспін.  Бұл тек өлеңге қатысты. Ал қарапайым өмірде, жұмыста, қызметте еңбегіңнің бағаланғаны, марапатталғаны үлкен мерей емес пе? Ал өлеңді атақ үшін, даңқ үшін жазу ақынның өлген тұсы деп есептеймін. Ақынның жазған жыры екінші бір адамның жүрегіне қуаныш сыйлап, жанарының тамшысын сүртуге ықпал етіп жатса, нағыз бақыт болар. Бұл – ақынның ақын ретіндегі алғашқы бағыты. Пенде ретінде отбасыңның, қолдаушың - жан жарыңның, ата-анаңның, перзенттеріңнің амандығынан артық не бар!

Даңқ демекші, өмірдерегіңізді қарап отырсам, көптеген мүшайраларда бағыңыз жаныпты. Солардың арқасында аз-кем атаққа қол жеткізгеніңіз рас. Оның сіз үшін және шығармашылығыңыз үшін пайдасы қандай болды? Немесе зияны?

Мен студент кезде көп ел деңгейінде өткізілетін игі шаралардың басы қасында жүретінмін. Республикалық мүшайраларда да сол кездері бағым жанды. Ардақты тұлғалармен таныстым. Батасын алып, жылы лебізін естідім. Ол танылуыма, өзімді жетілдіруіме  әсер етті. Ол кезде баламыз ғой, көп нәрсеге терең бойламаймыз. Бас жүлде алсақ, біз үшін одан биік тау жоқ секілді көрінетін. Есейе келе көзқарасымыз өзгерді. Көп әдеби бәйгелер әділ өтпейді. Астарында  түрлі пенделіктер жасырынып тұрады. Қазір көп мүшайраларға қатыспайтыным да сондықтан. Өлеңді әділ қазы емес халық, оқырманың бағалайды. Одан асқан баға жоқ.

Яғни, ақынның талантын түрлі дәрежедегі сыйлықтармен өлшеуге болмайды дейсіз ғой...

Бұған дәл қазіргі ардан ақша биік тұрған заманда тек «Жоқ» деп қана жауап беруге болады.

Тағы да Қадыр ағамыздан бір мысал келтіре кетсем, «Ақындар тірлігінде жалпы логикаға сыймайтын құбылыстар жиі болады». Сіздегі сондай құбылыстарды суреттеп бере аласыз ба?

Ондай құбылыстарды өлеңдерімнен жиі кездестіруге болады. Кейде тым әсірелеп жіберуім мүмкін. Көп жырым солай туған. Мәселен, бір ғана «Күйзеліс» деген өлеңімді алайын. Бір күні достарымызбен отырғанда жолдасым әзіл әңгіме айтып қалды. Содан мынадай өлең туды. Бұл өлеңнің оқиғасы өмірде мүлдем болмаған. Бірақ ішкі ойым, қиялым тым әсірелеп жіберді.

Жaлғыз қaлдыр!..
Кeлмeйдi кeңeскiм дe…
Жaнaйқaйын жaнымның eстiр Ғaлaм.
Кeрeксiзбiн дәл қaзiр Мeн eшкiмгe,
Кeрeк eмeс дәл қaзiр eшкiм Мaғaн!

Әдiлeт пe?
Iздeyдeн жaсқaнбa түк,
Оны тayып aлғaншa “Қaрa Күмән”.
Мeнiң aлтын бaсымнaн қaшқaн Бaқыт,
Бaсқa aрyдың сүйiп тұр тaбaнынaн.

Көрмeгeндeй болaйын көрe тұрып,
Күйiм сондaй күлкiлi. Eлeдiң бe?..
Өмiрiмe үңiлдiм – бәрi Өтiрiк,
Aқиқaты Жүрeктiң – Өлeңiмдe.

Жүзiгiмдi жүз шeшiп қолымдaғы,
Әyрe eттiм бe Өзiмдi босқa жүдeп?…
…Бiр Жүрeктi сүйiп eм… Оның дaғы,
Кeyдeсiндe соғып тұр бaсқa Жүрeк…

«Біздің өмір дауылпаздың дыбысы, Тек алыстан әдемілеу естілген». Ал жақындағанда әдемілігі жоғала ма?

Бұл студент кезімде жазған өлеңдерімнің бірі еді. Әр адам өзінің өмірінің сәулетшісі ғой. Өзі әдемі немесе көріксіз ете алады. Сол кезде бәлкім сондай көңіл күй кешкен шығармын.

Өзіңіздің өлең жазатын «маусымыңыз» бар ма?

Мен күзді, қысты жақсы көремін. Осы кездерді өлең көп туады.

Осыдан бір жарым жыл бұрын берген сұхбатыңызда Қызылжардан ақындар орталығын ашқаныңызды айтыпсыз. Қазір орталықтың хал-ахуалы қалай? Қанша шәкірт тәрбиелеп шығардыңыз?

Құдайға шүкір, жұмысын жалғастырып жатыр. Ақындық, айтыскерлік, домбыра, шешендік секілді төрт бағытта шәкірттер тәрбиелеудеміз. Қызылжарда жас таланттар жоқ емес. Біздің мақсатымыз  «бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, олардың әрі қарай өсулеріне қолдан келгенше көмек беру.

Қалай ойлайсыз, адамнан «оқытып, үйретіп» ақын шығаруға бола ма?

«Адам ақын болып туады» дегенге келісемін. Кез келген адам өлеңнің жазылу үлгісін, тәсілін меңгергенімен, олардың бәрінен ақын шыға бермейді. Мұндай жандар әдебиетте болғанмен, уақыттың өзі ысырып тастады. Біздің шәкірт тәрбиелеудегі мақсатымыз жастардың бойына өлеңмен бірге сіңетін елжандылық, отансүйгіштің сияқты көркем қасиеттерді сіңіру. Оның еш сөкеттігі жоқ деп ойлаймын.  

«Күз бен қыздан» кейінгі кітабыңызды қашан көреміз?

Жыл сайын кітап шығару өлеңге деген құрметсіздік болар.  Сондықтан да әзірге ойда жоқ. Сол кітабым шыққанда өте жақсы деңгейде Астанада (Нұр-Сұлтанда), Алматыда, Қызылжарда кештерім өтті. Қызылжардағы театрға тіпті халық көп жиналды. Әдебиеттің де өрістеуіне ықпал ететін осындай шығармашылық кештер мен рухани шаралар өткізгім келеді.

Отбасылық өмір шығармашылықтан алыстатпай ма?

Ақын тек өлең жазғанда ғана ақын ғой. Әйтпесе, мен ақынмын, өмірімді өлеңмен ғана өткізуім керек деп отырсақ, жөн болмас.

 «Жанымды жеп жазылмаған өлеңдей,

 Жігерімді жаныштайды бір қайғы». Бұл не қайғы?

Ілгеріде айтып кеткендей, ішкі қарсылық, жалғыздық, көп адам көре алмайтын мұң. Оны барлығы бірдей түсінбеуі де мүмкін.

Ең қызық оқиғаңызды есіңізге түсіріңізші...

Қызылжарда өткен кешімнің ұйымдастырылуына жергілікті өнерпаздармен қатар өзімнің туыстарым, қайын сіңлілерім көп көмектесті. Олар залды көрермендерге толтыру, қонақтарды шақыру, безендіру сияқты жұмыстарға ат салысты. Сценарий бойынша енемді сахнаға шығарып, алғыс айтып, құрмет көрсетуім керек. Оны ол кісі білмейді. Дәл концерт басталғанда гүл алмағаным есіме түсті. Қайын сіңілім жүгіріп барып, енемнің қолындағы гүлді сұрап алып келді. Сөйтіп, өзінің маған деп әкелген гүлін өзіне сыйлап жібердім. Артынан үйде бәріміз отырғанда күлейік келіп. Осы оқиға ерекше есімде қалыпты.

Әңгімеңізге көп рақмет, шығармашылық табыстар тілеймін!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға