Жаңалықтар

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы: Алматыда көшпелі концерт өтті

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы: Алматыда көшпелі концерт өтті
Фото: t.me/madenietaqparat 14.04.2025 00:05 527

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Халық қаһарманы, күйші әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көшпелі концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараға оркестрдің толық құрамымен қатар, Тахауи Рахметов пен Бибігүл Қылымхан секілді танымал өнерпаздар қатысты. Мәдени іс-шараның мақсаты – Алматы тұрғындары мен қонақтарының ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы – халықтың рухани мұрасы, бай қазынасы. Композитордың 100 жылдығына арналған іс-шара биыл 24 қаңтарда Ұлттық оркестр ұйымдастырған ауқымды концертпен басталған болатын. Қазіргі уақытта композитордың мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдардың қолдауымен әлемдік деңгейде аталып өтуде, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ – Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған болатын. Жыл бойы мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға