Жаңалықтар

Нұрбек Оралбай болашақ жарының бойынан қандай қасиет көргісі келетінін айтты

Нұрбек Оралбай болашақ жарының бойынан қандай қасиет көргісі келетінін айтты
Фото: ҚР ҰОК/ Владислав Семенов 12.08.2024 11:52 1255

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай сүйіктісі жоқ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тілшілер Астанаға оралған боксшыдан қандай қыздар ұнайтынын сүраған. Себебі бұған дейін былғары қолғап шеберінің анасы ұлын тезірек үйлендіргісі келетінін айтқан болатын.

Нұрбек әлі өз адамын кездестірмегенін алға тартты.

Көреміз. Бірақ менің сүйіктім де, қалыңдығым да жоқ. жүрегім бос, - деді Оралбай.

Дегенмен боксшы биылдан қалмай отбасын құрғысы келетінін де алға тартты. Тиісінше одан қандай қыздар ұнайтынын да сұраған.

Ақылды, иманды, - деп жауап қатты боксшы.

Сырт келбетіне қатысты былай деді:

Бұл туралы ойлаған да жоқпын. Бар ойым Олимпиада чемпионы атану еді. Басқасының бәрін көре жатармыз, - деді Нұрбек.

Бұған дейін Нұрбек әлем чемпионатына дайындалатынын айтқан еді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға