Жаңалықтар

Нүкенованың өлім себебін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтты

Нүкенованың өлім себебін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтты
Фото: ҚР Жоғарғы сот 11.04.2024 11:31 1187

Қуандық Бишімбаев сотында сөйлеген сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашып, қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін өткен сот отырысында сот сарапшысы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне себеп болған жарақаттарды талдап, түсіндіріп берген еді. Сарапшы манекенге сызып, бас ми жарақаттары жерге немесе қатты затқа құлағанда соншалықты деңгейде болмайтынын айтып, Бишімбаевтың сөзіне қарсы дәлелдер көрсеткен. Көпшілік оның қорғаушы тарап қойған әрбір сұраққа мүдірмей, нақты дәлелмен жауап бергеніне тәнті болған.

Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға рақмет! Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін маңызды. Кешегі күн сүйікті ісіме арнаған 33 жылға татыды!, - деп жазды ол.

Айта кетейік, сотты тікелей эфирден көріп отырған қазақстандықтар Тахир Халимназаровтың кәсіби біліктілігіне тәнті болып, тоқтаусыз алғыс айтқан еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Тахир Халимназаров (@takhir_khalimnazarov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға