Николай Шкапоров есімді орыс ақсақалы әлеуметтік желілерде елді таң қалдырады

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылында қазақ тілінде бата беретін орыс ақсақалы тұрады.
Николай Шкапоров қазақ тілінде 300-ге жуық мақал-мәтелді жатқа айтып, айналасын таңғалдырып жүреді.
Ақсақал 77 жаста. Шалқар ауданының Көпмола станциясында туып-өскен. Оның ата-анасы 1930-жылдары Ресейдің Орынбор облысынан қоныс аударды.
«Ата-анам қазақ тілін білмеді, бірақ мен және менің алты бауырым тек сол тілде сөйлесіп өстік», - дейді зейнеткер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жақында тойда Николай Иванович 300 адамға батасын берді, ал алғыс ретінде иелері оған шапан жапты.
Оптимист ақсақал белсенді өмір салтын ұстанады, азын-аулақ мал ұстап, бақшасына күтім жасайды.
Қазір ақсақал өз білімін немересі Викторияға үйретіп жүр. Немересі қазақ тілін жақсы біледі, конкурстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
