Жаңалықтар

«Нидерланд аруы-2023» байқауында трансгендер жеңіске жетті

«Нидерланд аруы-2023» байқауында трансгендер жеңіске жетті
Фото: © Twitter / EvaVlaar 10.07.2023 06:16 994

«Нидерланд аруы-2023» сұлулық байқауында бірінші орынды 22 жастағы трансгендер Рикки Колле иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған байқаудың тарихында бірінші рет әйел адам жеңімпаз болған жоқ. Енді Колле «Әлем аруы» байқауында Нидерланд атынан қатысады.

Дегенмен бұл жайт жергілікті халықтың ашуына тиді. Twitter қолданушылары Нидерланд қазылар алқасын осы таңдау үшін сынға алып, екінші орын алған қыз нағыз жеңімпаз болуы керек екенін жазып жатыр.

«Нидерланд аруы-2023» байқауында трансгендер жеңіске жетті

«Жеңімпаз» атанған трансгендердің қасында тұрған қыз (екінші нөмірлі ару) «Нидерланд аруы-2023» байқауының нағыз жеңімпаз. Ер адамдар барлық жерде әйелдерден сыйлықтар мен мүмкіндіктерді тартып алып жатыр, - деп жазды Нидерланд философы және заңгері Ева Влаардингербрук.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға