Н’Голо Канте Карим Бенземаның әріптесі атануы мүмкін

Фото: instagram.com/nglkante
Фото: instagram.com/nglkante
07.06.2023 14:00
955
Н’Голо Канте Карим Бенземаның әріптесі атануы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фабрицио Романоның хабарлайынша, Канте жаңа клубпен келіссөз жүргізуде. 32 жастағы француз Арабиялық "Әл-Иттихад" жейдесінде өнер көрсетсекені үшін жылына 100 млн еуро алмақ. Егер, биылғы трансферлік терезеде Н ' Голо командадан кететін болса, онда ол Карим Бенземаның әріптесі атанады.
Айта кетейік, ресми Бензема "Әл-Иттихад" ойынсы атанды. Оның клубпен келісім шарты 2026 жылға дейін жасалды.
Бөлісу:
