Жаңалықтар

«Несие қамытын киіп отыр». Парламентте қарызға батқан халықтың мәселесі талқыланады

«Несие қамытын киіп отыр». Парламентте қарызға батқан халықтың мәселесі талқыланады
Фото: t.me/mazhilis_kz 20.10.2023 10:30 984

Парламентте несие мен қарыз мәселесіне қатысты тыңдау өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі жиынымыз өте маңызды. Халықты толғандырып отырған ең бір өткір мәселені талқылау үшін бас қосып отырмыз. Бұл – несие қарызы. Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. «Халық несие қамытын киіп отыр» десе де болады. Адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналды. Бүгінгі жиында біз осы түйткілді жан жақты талқылаймыз. Осы мақсатта жауапты органдарды – Үкімет мүшелерін, агенттіктер мен құзырлы мекемелер басшыларын арнайы шақырдық, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екенін айтты.

Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Жолдауында несие мәселесіне кеңінен тоқталып, оны шешу жолдарын қарастыру туралы тапсырма берген болатын. Депутаттар да бұл түйткілмен жақсы таныс. Өйткені, біз аймақтарға жиі шығамыз. Менің өзім де талай өңірде болып, халықпен жүздестім. Көбінің айтатыны бір нәрсе, ол – несиеге тәуелділік. Бұл, өкінішке қарай, жалпыхалықтық сипат алған құбылысқа айналып тұр, - деді ол.

Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн. теңге.

Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға