Жаңалықтар

Несие алған емеспін, телефоным да ескі – депутат Руслан Берденов

Несие алған емеспін, телефоным да ескі – депутат Руслан Берденов
Фото: Видеодан кадр 20.10.2023 17:45 1448

Мәжілістегі «RESPUBLICA» партиясының атынан сайланған депутат Руслан Берденов ешқашан несие алмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбындағы тыңдау өткен болатын. Онда депутаттар халықта несиенің тым көп екенін, тіпті Қазақстан азаматтарының алған несиесі 18,1 триллион теңгені құрайтынын айтты.

Елімізде 8,4 млн азаматқа 18,1 триллион теңге несие берілген. Осы азаматтардың арасында 90 күннен артық  2 триллион теңгеге міндетін орындамаған адам саны 1,8 млн құраған. Бұл жағдай тек банк, қаржы ұйымдарына тиімді. Екінші деңгейдегі банктер несиені 20-58%-ға дейін берсе, микроқаржы ұйымдары жылына 1000%-ға дейін  несие беріп бір пайда тапса, 2023 жылы 12,7 трлн теңгеге транзакция жасап, әр аударымға 1-3%-ға дейін комиссия алған, - деді «RESPUBLICA» партиясының өкілдері.

Осыдан соң кулуарда журналистер Руслан Берденовтен несиесі бар-жоғын сұрады.

Осы уақытқа дейін алған емеспін, несием жоқ. Несиемен ауырмаймын, Iphone-ды несиеге алу дегенді де түсінбеймін, қазір Iphone 15 шақты, ал менікі ескі – 14, - деді депутат.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға