Жаңалықтар

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Кейбір өнертапқыштар өздерінің өнертабысының арқасында табысқа жетіп, елге танымал болып жатырса, біреулер керісінше құрылғыларының себебінен көз жұмып жатады.
01.03.2016 06:51 5115

Кейбір өнертапқыштар өздерінің өнертабысының арқасында табысқа жетіп, елге танымал болып жатырса, біреулер керісінше құрылғыларының себебінен көз жұмып жатады. Назарларыңызға жолы болмаған 13 өнертапқышты ұсынамыз.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Франсуа Рейчелт,  «Ұшатын Тэйлор» (1879-1912)

Бастапқыда манекендермен сынақтары сәтті өткен болатын. Сол себепті Франсуа 57 метр биіктіктен өзі секіруге шешім қабылайды. Алайда құрылғысы істен шығып, мұз бетіне құлап, өнертапқыш сол мезетте қаза табады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Хорас Лаусон Ханли (1823-1863)

Ханли ескекті су асты кемесін ойлап тапқан Конфедерацияның теңіз инженері болды. 1863 жылғы 15 қазанда өзі кеме тобының мүшесі болмаса да, жаттығуды басқаруға шешеді. Ақырында кеме батып, топтың сегіз мүшесі көз жұмады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Уильям Баллок (1813-1867)

Ротациялық баспа машиналарының және заманауи басылымның әкесі өзінің құрылғысының кесірінен қапыда ажал құшты. Баллок белдікті шкивке кигізгісі келгенде айналып жатқан машинаға аяғы оратылып кетіп, өз құрылғысының астында басылып қалады. Ол гангренамен инфекцияланған аяғына операция жасап жатырған кезде көз жұмады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Отто Лилиентал, Планер патшасы  (1848-1896)

Лилиентальдың планеры соңғы ұшуы кезінде тоқтап қалып, ұшқыш 15 метр биіктіктен құлайды. Оның омыртқалары толықтай сынып, 36 сағаттан соң ауруханада көз жұмады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Сильвестер Х. Ропер (1823-1896)

Тұңғыш мотоцикл, бумен жұретін велосипед және алғашқы темір тұлпарардың бірін шығарушы Ропер мырза 1896 жылдың 1 шілдесінде өзінің веловипедінде ажал құшады. Куәгерлердің айтуынша ол шайқалып отырып, кейін апатқа ұшырайды. Мамандар Сильвестер жүрек қызметінің жеткіліксіздігінен ажал құшты ма, әлде ол апаттың кесірінен инсульт алды ма деген  екі ұшты ойда қалып отыр.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Аурел Влайцу (1882-1913)

Тұңғыш темір ұшақ шығарған құрылысшы Карпат тауларын бағындыру кезінде көз жұмады. Бұл оқиға 1913 жылғы 13 қыркүйекте Влайцу ІІ атты жебе тәрізді ұшақтың құлауының себебінен болды.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Валериан Абаковски (1895-1921)

Ауа қозғалтқышпен (аэро двигатель) және бұрандамен жүретін жүрдек  пойызды шығарған латвиялық өнертапқыш та өз туындысының себебінен өлім құшады. Пойыз сынақ тестін сәтті өтіп, Мәскеуден кері жолда рельстен шығып кетіп, апатқа ұшырайды. Пойызда болған жолаушылардың алтауы да ажал құшады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Александр Богданов (1873-1928)

Богданов өмір бақи жас болуды армандап, 1924 жылы қан құю тәжірибелерін жүргізе бастайды. Он бір құюдан кейін оның көру қабілеті шынымен жақсарды. Бірақ кейінгі кұюлардан Богданов көз жұмады. Себебі 1928 ол безгек пен туберкулезбен ауыратын студенттің қанын абайсыздан алған болатын.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Сабин Арнольд ван Шочкий (1883-1928)

Ол радий негізінде жасалған люминисценттік бояу ойлап табады. Алайда Арнольд радийдан уланып, апластикалық анемиядан ажал құшады. 20 ғасырда радий кең таралған материал болды және соның салдарынан көптеген суретшілер көз жұмды.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар
Макс Вайлер (1895-1930)

1920 жылдардың соңында ракета майталмандары Вайлер мен Фриц фон Опел автомобиль мен ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды шығаруен айналысады. Тұңғыш сұйық отынмен сәтті сынақ 1930 жылы 19 сәуірде өткен болатын. Кейін 17 мамырдағы тағы бір сынақ кезінде ракета отыны төгіліп жарылыс болады. Вайлер тірілей өртеніп кетті.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Томас Мигдели (1889-1944)

Этил жанар-жағармай шығарушы ғалым аяқ баса алмай мүгедек болып қалады. Оны төсектен тұрғызу өзгелерге қиындық соқтырмауы үшін өздігінен шкив жасап шығарады. Алайда кейін өзі сол арқандарға оратылып қалып, көз жұмады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Генри Смолински (1933-1973)

Смолински және  оның серігі Хал Блейк ұшатын көлік жасап шығаруға шешеді. Олардың тұңғыш (және жалғыз) моделі AVE Mizar деп аталды. Конструкция Ford Pinto машинасы мен Cessna ұшағының артқы бөлігінен құралды. Сынақтық ұшыру кезінде қанаттары құлап түсіп инженердің екеуі де қайтыс болады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар

Карел Соучек (1947-1985)

1984 жылы Каскадер арнайы капсула ойлап тауып, Ниагара сарқырамасынан секіреді. Бір жыл өткеннен кейін ол Хьюстон Астродромынан 180 фут биіктіктен су резервуарына секіреді. Секіру барысында Карелдің капсуласы қатты зақымданып, ол бірнеше сағаттан соң ауруханада өлім құшады.

Өнертабысы өзінің ажалына себеп болған тұлғалар


Айсауле Нұрлыбек 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға