Жаңалықтар

ӨНЕРДЕ БАҚТАЛАСТЫҚ БОЛУЫ ЗАҢДЫ, БІРАҚ КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК

Бұрыннан бері өзімізді-өзіміз сүйреп, өз күшімізге өзіміз сеніп келе жатқан жағдайымыз бар. Бірақ соңғы екі-үш жылда жас журналистер хабарласып, өздері өз қызметтерін ұсына бастады.
25.08.2014 09:37 6437
Алма Аманжолова, әнші.

ӨНЕРДЕ БАҚТАЛАСТЫҚ БОЛУЫ ЗАҢДЫ, БІРАҚ КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК

– Алма, сізге пиар-менеджердің қызметіне жүгінуге не түрткі болды?

– Бұрыннан бері өзімізді-өзіміз сүйреп, өз күшімізге өзіміз сеніп келе жатқан жағдайымыз бар. Бірақ соңғы екі-үш жылда жас журналистер хабарласып, өздері өз қызметтерін ұсына бастады. Бұл бір жағынан əнші үшін үлкен көмек деп ойлаймын. Өйткені, меніңше, əнші тек əн айтуы керек. Біздің Қазақстанның шоу-бизнесі əлі де дами қойған жоқ. Сондықтан өз стилімізге, аранжировкамызға да, сахнаға шығуымызға да, киімімізге де, басқаға да өзіміз жауап береміз. Сөйтіп жүріп жаңалықтарымыз деркезінде қажетті газет-журнал, телеарналарға жетпей қалады. Сол кезде осы пиар-менеджердің қолғабысы өте қажет. Менің пиар-менеджерім бастапқыда Айнұр Хаменова деген журналист қыз болған. Қазір оның жұмысы Алматы облыстық «Жетісу» арнасына ауысуына байланысты, Лаура есімді жас тілшімен жұмыс істеп жатырмын. Оның үстіне, менің табиғатымда есік қағу деген жоқ. «Мен Алма едім, жаңалығымды айтайын деп келдім немесе осындай өтінішім бар» деп ешқашан ешкімнің алдына барып көрген емеспін. Менің атымнан басқа кісілер бұл  міндетті  орындап  жатса,  маған  сол  қолайлырақ.  Лаура жақында ана атанғанына қарамастан, өз ісін жалғастыру үстінде. Оған көп болмаса да, шамамыздың келгенінше еңбекақысын төлейміз. Кейде жағдайымыз болмай жатса, қарайласып, түсіністік танытады. «Төлемесең, мен сенімен хош айтысамын» деп отырып алмайды. Қатардан қалмау үшін пиар-менеджердің көмегіне жүгінген жөн деп ойлаймын.

– Бірақ осы пиар-менеджерлеріңізден «Алма біраздан бері көрінбей кетті. Өнерге қайта оралып жатыр» деген сөз естідік. Меніңше, сіз ешқашан тасада қалған жоқсыз. Халықтың алдында əніңізді айтып жүрсіз. Сізді ешкім жоғалтып та алмаған сияқты...

– Осы орайда «Айқын» газетіне алғысымды жеткізгім келеді. Үнемі хабарласып, өнердегі жаңалықтарымды қалт жібермеуге тырысады. Əрине, көрінбейкеттімдепайтаалмаймын. Сахна- дан ешқашан қол үзген жоқпын. Əсіресе, қара шаңырақ Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы жаңа əндерімізді үзбей насихаттап отырады. Телеарналар көбіне жас буындарды шақыруға əуес- теніп кетті. Мүмкін, ол да дұрыс шығар. Бірақ халық бұрыннан келе жатқан, көпшіліктің көзайымына айналған əншілерді көргенде қуанып жатады. Мен жалпы, шақырған жерден қалмайтын адаммын, шақырмаған жерге бармаймын. «Менің осындай əндерім бар еді» деп, мүмкін, өзіңді-өзің жарнамалау да дұрыс шығар. Дегенмен, бізді іздегенге үйреніп қалғанбыз. Бүгінгі жас толқын бұл жағынан бізге қарағанда, пысықтау болып келеді. Олардың арасында бəсекелестік те көп. Сондықтан жастар баратын жерлеріне өз уақытында жетуге тырысады. Одан кейін қазір əнші болу қиындап бара жатқан тəрізді. Қалтаң көтерсе ғана əнші боласың...

– Керісінше, «Əнші болу оңай болып кетті. Аузы бардың бəрі əн айтады» дейтіндер бар ғой...

– Бұл əңгіме дауысты сатып алатындарға қатысты. Ақшасын қайда жұмсарын білмей жүргендерге оңай шығар. Олар дауыс- ты компьютермен жазып алады. Ал аға буын əншілердің сұх- баттарын оқысаңыздар, басым бөлігі «баламыздың өнер жолын қуғанына қарсымын» дейді. Неге, өйткені олар нешетүрлі қи- ындықтардан өткен. Сол кедергілерге ұл-қыздарының да тап болатынын біледі. «Шын алтынды тот баспайды». Өзімнің əн- шілік қабілетіме, дарыныма сенемін. Қанша жерден əнші көбейіп кетсе де, күнде ел алдына шығып жатпасам да, эфирден клиптерім бірінің артынан бірі беріліп тұрмаса да, өзімнің көрермендерім мен тыңдармандарымның бар екеніне ішк сезімім ешқашан алдамайды. Оған əлі күнге дейін көштен қалмай, өнер жолында келе жатқаным дəлел шығар. Əрине, жасыратыны жоқ, кей кезде түкке тұрмайтын клиптер мен іске алғысыз əндер соншама қомақты қаржыға насихатталып жатқанда, «Құдай- ай, осы ақшаны, шын мəнінде, көріне алмай жүрген əншілерге, жарыққа шыға алмай жатқан əндерге салса ғой, тəрбиелік маңы- зы болып, оны жастар көріп, содан тəрбие алар еді» деп ішімнің ашитыны рас. Сахнаға кім көрінгеннің шығып кеткені де шындық. Компьютер арқылы дауысты сатып алу мен жазып алу жойылмайынша, шоу-бизнестің дамуы, алға ілгерілеуі екіталай. Ұлттық өнеріміз көгере қояды деп айта алмаймын. Əсіресе, Батыстың «ауруына» шалдыққан жастарымыз өте көп. Кейде тілшілер тарапынан «домбыраңызды қойып, неге эстрадаға ауысып кеттіңіз» деген сұрақ қойылады. «Ауысып кетті» деген сөз маған ұнамайды. Ауысып кеткен түгіміз жоқ, біз екеуін де қатар алып жүрміз. Батыстың музыкасына құлағы үйреніп кеткен жастар домбыраны қайтсін?! Егер де Рамазан Стамғазиев, Асылбек Еңсепов сияқты эстарадаға сүйене отырып, жарыққа шығарсаң, құлақ асуы мүмкін. Сондықтан заманға сай екеуін астастыруға тура келіп жатыр. «Тыңдамаса, сөз жетім» дегендей, тыңдаушы болмаса, əн де сол күйді кешіп қалады. Жиын-тойларда домбырамен айтқан əнімізді тыңдамай, өзара сөйлесіп немесе тамаққа бас қойғанда, еріксіз эстрадаға көшесің.

– Ондай сəтте билей жөнеледі деңіз...

– Билететін əндерге де онша жаным құмар емес. Тыңдайтын əндерді жақсы көремін. Мүмкін, əу бастан домбырамен əн айтып шыққандықтан болар. Оның үстіне, «Қара пимамен» атым танылғаннан кейін мені көп жағдайда жұртшылық термеші деп қабылдайды. Жалпы, репертуарымда көңілді əн- дер өте көп. «Қара пимамен» қарайып кеттің ғой» дейтіндер бар. Əр əншінің өзінің бойтұмары секілді бір əні болады. Маған сəл қиындау, мұңлылау əн бұйырды. Көбінесе композиторлар еске алуға арналған, біреу қайтыс болған кезде орындалатын мұңлылау дүниелерін ұсынып жатады. Сіздер арқылы тыңдаушыларыма өмірде өте көңілді жан екенімді айтқым келеді. Қалжыңды жақсы көремін. Репертуарымда көңілді əндер болғанын дұрыс көремін. Жалпы, түрлі тақырыптағы əндерім жеткілікті.  Соған  қарамастан,  кейде  жүз  əн  айтып  тұрсаң  да,

«Қара пиманы» айтатын қыз» деп жатса, соншама айтып жатқан əндерім жоққа шыққандай болады. Өзімнің де, бəлкім,

«Қара пима» сияқты кең таралған көңілдірек əнімнің, клипім- нің болмағандығынан да шығар. Бірақ тұрақты тыңдаушы- ларымның басқа əндерімнен де хабары бар. Оған да Құдайға шүкір. Менің жанымда бетке ұстар əні жоқ əншілер де бар ғой. Соған қарағанда, атымды шығарған əнімнің болғанына өзімді бақытты сезінемін.

– «Қара пима» демекші, осы туындының желісі бойынша фильм түсірілді. Бірақ біз көрмей қалдық па, əлде көрсетілмей жүр ме? Жалпы, насихаты қалай?

– Біреуді жамандап, өзімді ақтағандай ақпарат бергім кел- меп еді. Бірақ халықтың алдында өтірікші болып та қалғым келмейді. Руслан Иманғали есімді сазгер «Қара пимаға» фильм түсірмек болған. Басында құлшынысы жаман еместін. Кейіннен бастаған ісін аяғына жеткізбейтін жігіт екеніне көзім жетті. Туынды жарыққа шықсын деп емес, пайда тауып қалуды көздейтіні байқалып қалды. Монтаждау жұмыстары да ат үсті жасалды. Кəсіби мамандар шақырылған жоқ. Ақша үнемдегісікеліп, барлығынөзіжасауғатырысты. Ол«Алманың орындауындағы «Қара пиманы» ел біледі. Оған кино түсірсем, жұрт көруге билет таба алмай, ертең ақшаның астында қаламын» деп ойлады. Сосын, онысы іске аспады. Халық сапалы киноның не екенін жақсы біледі. Киноны көрген сəтте-ақ,

«Таралуына рұқсат бермеймін. Жаман атты болып қалатын сен емес – мен. Жауапты ел сенен емес, менен сұрайды. Өзіңнің атыңды да дұрыс шығарғың келсе, бұл киноны дұрыс түсіруің керек еді» деп эфирге шығуына үзілді-кесілді қарсылық таныттым. Мені бірқатар кəсіби киногерлер де қолдады. Əрі қарай қайта түсіру үшін үлкен қаржы керек болды.

– Сонда бастапқы жұмсалған ақша желге ұшты ма?

–  Түсірілімге менің де қосқан үлесім болатын. Дағдарысқа байланысты деп қаржысы бітіп, менен бірталай ақша алды. Мен ертеңгі күн ақталатынына сеніп, ешқандай ойланбастан берген едім. Оның үстіне, аузынан Алланы тастамайтын азаматтын. Бірде Қытайдан телефон шалып, «Осында кəсіби ма- ман таныстарым бар. Киноны аяғына дейін түсіріп, қолыңа ұстатуға сөз беремін» деді. Бірақ мен аса сене қоймадым. Қазір ұзынқұлақтан сол жақта «ескі нұсқада көрсетіліп жүр» деп естідім. Содан кейін Алланы аузына алған азаматтардан да қорқатын болдық. Барлығы бірдей иманды деп айта алмаймын.

–  Ол кісі сіздің продюсеріңіз болған жоқ па?

–   Иə, «саған продюсер болайын, осы киноны түсіремін» деп сендірген болатын. Мен иығымнан жүк түскендей, қуанып жүр едім. Сырын кеш білдім. Басқалар да енді оған ұрынып қалмаса екен деймін. Жалпы, Руслан ғана емес, алаяқ продюсерлер өте көп. Оның алдында да «Ақтау, Атырауда концерт немесе той өтеді. Қазір билеттің ақшасын беріңіздер. Барған соң қайтарамыз» деп, алдын ала сұрап алып, аяғында үшті-күйлі жоқ болып кеткендер бар. Бұл – бірқатар əншілердің басынан өткен оқиға. Өйткені өнер адамдары сенгіш келеміз. Адамдардың барлығын өзіміздей көреміз. Бірақ басқасы басқа, Руслан сияқты өнерде жүрген жігіттен мұндай қылық күтпеп едім. Намазға жығылып, дін жолына түскен жігіттердің барлығы бірдей Алланың құлы еместігін түсіндім. Оған адамды кінəлау керек пе, заманды кінəлау керек пе, оны өзім білмей жүрмін. Меніңше, өнерде бақталастық болуы заңды, бірақ көре алмаушылық болмауы керек. Өйткені əр əншінің өзіндік жолы, өзіндік көрермені, өз тыңдаушысы бар.

– Осыдан бір-екі жыл бұрын «Қазақконцерт» бірлестігіне кірмек ойыңыз бар еді. Алтынбек көкеңіздің алдына барсам деп жүр едіңіз. Сіз бармадыңыз ба, жоқ ол кісі жұмысқа алмады ма?

– «Ол кісі алмайды-ау» деген ой болды да барған жоқпын. Өйткені талай концерттерде кездесіп, тойларда да бір дастарқанда отырып, дəмдес болып жүрміз. Бауырында өскен баласындай болып кеткен шəкіртімін ғой, «Алма, неге келмейсің?» деп шақыратын болса, бір-ақ ауыз сөз ғой. Ондай жылы сөз естімегеннен кейін, алдына барып, «орын жоқ» деп немесе «Талдықорғанның филармониясына бар» деп бірде айтып қалған еді, сондай суық хабар тағы естіп, жүрегім ауырып, көңілім қалып қала ма деп қорыққандықтан, барған жоқпын. Бірақ ол кісіні əкемдей жақсы көремін. Балалық шағымның бақытты болуы, осы Алтынбек ағамның арқасы. Сахнаға шығуыма септігі көп тиді. Жалпы, өнерде жүргенім Алтынбек ағаның əндеріне деген махаббаттан туындаған дүние. Мен өзімді ол кісіге адал шəкіртпін деп ойлаймын. Сол кісінің əндерін əлі күнге дейін насихаттап жүрмін. Қайда бармасам да сол кісінің əндерімен бірінші бастаймын. Өзімді сол кісінің шəкіртімін деймін. Маған шəкірт болғысы келген балаларға да, əңгімені əуелі Алтынбек ағадан бастаймын. Мүмкін, ол кісіде ондай ой жоқ шығар. Мүмкін, жұмысы көп, қарбалас шығар, мен алдына баруым керек болар. Бірақ əлі ондай шешімге келген жоқпын.

– Ол кісінің балалық шағыңызға қандай қатысы бар...

– Он үш жасымнан бастап, қасына ердім. Ел көрдік, жер көрдік. Қазіргідей үш-төрт күн емес, гастрольде айлап жүретін- біз. Ел көру, жер көру дегеннің де астарында бірталай мағына жатыр. «Əр жердің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, жұрт таныдық. Жаманды-жақсыны білдік. Бар мен жоқты көрдік. Бар адамдар қалай тұратынын, жоқ адамдардың қалай тұратынын, кім өнерді шын мəнінде сүйетінін, сол кезде байқадық. Əр қаланың əкімі əртүрлі болатынын ұғындық. Кейбір əкімді ел мақтаса, кейбірі ел əкімді даттап жатқанын құлағымыз естіді. Кей атқамінерлер бізді амал жоқ қарсы алып жатса, кейбірі алдымыздан қуана шығып, «үйімде осындай өнер иелері бол- ды» деген мақтаныш сезіммен отбасына шақыратын. Сол кезден бастап, ақ пен қараны ажырата алдық. Қазір де кімнің қандай екенін, қандай ниетпен айтып отырғанын білеміз. «Саған демеуші боламыз» дегенде-ақ, сөзінің астарында не жатқанын көзінен танимыз. Сондықтан шығар, қазір менде демеуші жоқ. Өйткені ол адамның маған қандай ниетпен көмектескісі келіп отырғанын байқаймын. Меніңше, олай сахнаға шығудың қажеті жоқ. Бұл менің ұстанымым, басқа əншілердің ойлары басқа шығар, онда шаруам жоқ. Кейде мен оларды да кінəламаймын. Олар да сахнаға шыққысы келеді, бойындағы өнерін көрсетсем дейді. Əркім, əрқалай жол іздейді. Тағы бір айта кетерлігі, Алтынбек аға əн үйреткенде домбыраны қолыңа ұстатқызып, «мына пернені былай басасың» демейді. Нұрғиса ағамыз да айтатын «Дина Нұрпейісова апайымыздың алдында отырған кезде, күйді бір рет тартып көрсететін. Егер келесі күні сол күйді солай орындап бермесең, «сенің осыншама дарынсыз болғаныңа, мен кінəлі емеспін. Жоғал əрі» дейді екен. Езгілеп отырмайтын көрінеді. Сол  сияқты  Алтынбек  аға  да  біз- ге екі-үш рет айтып беретін. «Мына əнді пəленінші күні болатын концертте айтуың керексің» дейтін. Біз соған талпы- натынбыз. Ал үлгере алмай қалған шəкірттер қалады. Ол оларды сүйремейтін. Сондықтан да қалатындары қалып, шығатындары шықтық қой. Бір қызығы, ол кісі табиғатқа шыққанды жақсы көретін. Сосын қалжыңды өте сүйеді. Түрі салқын көрінгенімен, əзілқой, ойнап-күлгенді жақсы көретін. Əлі есімде, мен 18 жасқа толғанда – туған күнімде он тоғыз раушан гүлін үйіме алып келген. Оны мамам да біледі. Менің бір құшақ үлкен гүлді сол кісіден алғаш алғаным есімде мəңгілікке қалып қалды. Осы бір сезімдер, осы бір бақыт үшін ұстазыма көп рақмет. Маған ғана емес, барлық шəкірттеріне осындайтын.

– Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған Бағлан Омаровтың «Жайна жұлдызым» əнінен кейін клип түсірмедіңіз бе?

– «Жайна жұлдызымға» түсірген клиптің сапасы ұнаған жоқ. Жарықтың түсуі көңілімді көншітпеді. «Рахаттан» бір ай бердім де, əрі қарай басқа арналарға апармадым. Елдер кино- пленкаға кино іспеттес клиптер беріп жатқанда, менің оны қайта елге ұсынғаным ұят. Жақында семейлік ақын Алмахан Мұхамбетқалиқызы жəне сол өңірдегі композитор Кентау Назарбековтің «Ардағым» деген əнін жаздырдым. Тұңғыш рет домбырамен естідім, сосын «бұл əнді міндетті түрде үйлену мен ажырасуды ойыншық қылып алған жастар естуі керек» деп ойладым. Енді клип түсірмекпін. «Жаңа фильм» студиясы жауапкершілігін мойындарына алмақ. Бұйыртса, бейнебаянды насихаттауға тырысамын. Демеуші боламын дейтін азаматтар болса, қарсы емеспін.

– Үйлену мен ажырасу мəселесін неге қозғағыңыз келді...

– Басымнан өткеннен кейін... Жас кезінде кім қартаямын деп ойлайды. Отау тіккенде де, ажырасамын деп ешкім ойламайды. Мен «өмір бойы жайнап, тек қана сахнада жүремін. Күйеуім болсын, болмасын, бəрібір əнші боламын. Өнер жолында барлығын құрбан етемін» дейтінмін. Бірақ əйел болғаннан кейін, жасың отыздан асқаннан кейін, ең бірінші отбасы керек екеніне көзім жетті. Қиналған шағыңда қасыңда шешең, бау- ырың, балаң жəне сүйген жарың ғана қалады екен. Өмір болған соң, əртүрлі жағдайлар кездеседі. Басымыздан бірталай қиыншылықтар өтті. Сондай уақыттары жанымнан үш– төрт адам ғана табылды. Сенімсіз, тұрақсыз адамдардың арқасында қасыңда қадірін білмей жүрген жақсы адамдардың бары мен олардың бағасын біліп қалады екенсің. Сол себептен «мен үйленемін, үй боламын» деген жастардың ажыраспауларын тілеймін. Адамға ең керегі  –  отбасы.  Əкеңді  де,  шешеңді де ертең қанжығаңа байлап жүрмейсің. Олар да о дүниелік болады. Қасыңда бір шəугім шайыңды шүйіркелесіп, бөлісіп ішетін жарың болуы тиіс. Тіпті балаларың да ертең үйлі-жайлы болып, өз алдына кетеді. Өзімнің шешем де жалғыз басты. Екі баланы дүниеге алып келгеннен кейін, əкеммен ажырасып кеткен. Қазір он бес-жиырма жыл болып қалды, жалғыз өмір сүріп жатыр. Жалғыз өмір сүрудің қандай қиын екенін, шешеме қарап-ақ білемін. Біз оның құрдасы емеспіз, бізбен емен-жарқын əңгімелесе алмайды. Біз де оны үлкен кісі болғаннан кейін сыйлаймыз, анау-мынауымызды айта бермейміз. Оған қазір жанын түсінетін адам керек. Ол орта жолдан қосылған емес, жас кезінен бірге келе жатқан, өзіңнің туғаныңдай болып кететін, жоқшылықты да, тоқшылықты да бірге бастан өткерген адам болуы тиіс. «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген əжелеріміздің сөзін енді түсініп жатырмыз. Мен де сүйген жарыммен біраз уақыт ажырасып, қазір қайта қосылып, Құдай- ға шүкір, қайтадан басымыз бірікті. Сондай қиналып жүрген уақытта «Бибігүл апамыз сияқты сахнадан лəззат алып, халықтың қошеметімен ғана əрі қарай өмір сүремін» деп ойладым. Дегенмен жалғыз болу өте қиын. Əнші бола тұрып, кім көрін- генге жалтақтағанша, меніңше, жастай қосылған, менің қандай екенімді білетін, кезінде қиыншылықты бірге көрген азаматтың қасымда болғанын қаладым. Сені кешіру үшін, өзің де кешіре білуің керексің. Бір-бірімізді кешіріп, түсіністік. Ер адам бол- ғаннан кейін, мені өнерден қызғанған шығар. Мен əйел адам болғаннан кейін, сонысын түсінбей, мен одан өзімнің өнерімді қызғанған шығармын. Қазір сол ажырасу да керек болған шығар деп ойлаймын. Мен – оның, ол – менің қадірімді білді.

– Неше уақыт бөлек жүрдіңіздер?

– Бір жыл шамасы. Мүлдем бір-бірімізді көрмедік емес. Ол – оператор, жұмыс барысында кездесіп қалып жүрдік. Достың да көмегі сол кезде тиеді екен, бірталай достарымыз татуластыруға тырысып, ақыры дегендеріне жетті. Біз де оған өкінбейміз. Қиналған кезде қасында көп емес, үш-төрт адамның ғана табылғанына ешкімді кінəламаймын. Негізі, өмірдің заңы сол.

– Демек, сіздің жарыңыз кешіруге тұрарлықтай азамат болды ғой... Жоқ, əлде сіз қартайғанда жалғыз қалам деп қорыққаннан кешірдіңіз бе?

– Кешіруге тұрарлық азамат екен. Бірталай жігіттердің іс- əрекеттерінен кейін, өзімнің қасымда жүрген жарымның қадірін білмеппін деген ойға келдім. «Ол болса, олай істемейтін еді» дегенді, басқа адамдар көп істеді. «Қасыңдағы таудың биіктігі байқалмайды» екен. Егер кешіруге тұрмайтын жігіт болса, бір жылдың ішінде мүлдем көңілім суып кетер еді.

Анам көз алдымда, Бауырым аман-есен. Сүйген адамым қасымда. Енді, тек қана нағыз өнер иелері қатардан қалып қалмаса екен деп тілеймін. Жəне де сахнаны ермек етіп жүргендер сахнаны босатса деймін. Мүмкін, олар басқа салада өзінің қабілет-қарымын жақсы көрсететін шығар. Бұрын «кез келген адам директор, президент бола алады, бірақ өнер иесі, əнші-актер бола алмайды» деуші еді. Соның өзі жоққа шығып жатыр. Қазір кез келген адам техниканың арқасында əнші болып алды. Біз өз мəдениетімізді көтеріміз десек, əншінің қалтасына емес, оның талантына қарауымыз керек.

Қаншайым Байдәулет, «Тəуелсіздік тудырған таланттар», 2010 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға