«Немереңіз жол апатын жасады»: Қарағандылық әжей алаяққа 3 млн теңге берген

Қарағандыда 73 жастағы әжей алаяқтың құрбаны болды. Зейнеткер қаскөйге 3 млн теңге берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментнің мәліметінше сүйенсек, әжейге белгісіз біреулер қоңырау соғып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын, ол жерде жаяу жүргінші ауыр жарақат алғанын айтқан. Ал жол-көлік оқиғасын жасаған кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, оны шешу үшін 9 миллион ақша сұраған. Зейнеткер хабарласқан адамға қолында бар 700 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын берген. Кейін өзінің алаяқтың құрбаны болғанын сезген соң полицияға арызданған.
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте алаяқ әйел 3 тұрғынды тәрбиеші етіп жұмысқа тұрғызамын деп 12 млн теңге алған
- Астанада алаяқ зейнеткердің 3 млн теңгесін қалтасына басқан
Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы Қарағанды қаласының тұрғынын ұстады. Полицейлер
күдіктіден зейнеткер берген ақшаны (550 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын) айғақ зат ретінде тәркіледі. 150 мың теңгеге күдікті өзінің несиесін жауып үлгерген.
Тергеу әрекеттері барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы да 5 қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ұсталған азамат жәбірленушілерге жалпы соммасы 6 миллион 600 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.
