Неліктен Қуандық Бишімбаевқа өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмеді?
БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші, судья Алма Есімова Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі жарияланғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында экс-министрді өмір бойына бас бостандығынан айыруға қатысты сот алқасының ортақ шешімге келмегенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тек қана 11 адам, атап айтқанда 10 алқаби және судья бір ауызданген кезде тағайындалады. Әлбетте, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмағандықтан, олар кеңесу бөлмесінде ортақ пікірге келмеді дегенді білдіреді, - деді Есімова сотта.
Сонымен қатар, Алма Есімова Қазақстанның сот тәжірибесінде алғаш рет ересек адамды ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.
Қазақстанның сот тәжірибесінің соңғы жылдары дамығаны сонша, ересек адамға қатысты ерекше қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру үшін 15 жылдан 17 жылға дейін ғана жаза тағайындалатын. Ал бұл сотта жазаны ауырлататын деректердің көп болуынан, оның ішінде Бишімбаевтың қауіпті рецидиві шешім шығару барысында ескерілді деп ойлаймын, - деді ол.