Жаңалықтар

Неліктен әлі күнге дейін Қайыңды мен Көлсайға жол салынбай отыр? Министр түсіндірді

Неліктен әлі күнге дейін Қайыңды мен Көлсайға жол салынбай отыр? Министр түсіндірді
Фото: ҚазАвтоЖол 11.06.2024 18:33 481

Көлік министрі Марат Қарабаев Алматы облысындағы Қайыңды мен Көлсайға баратын жолдың мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Көлік министрлігінде өткен брифингте журналистер министрден «Алматы маңындағы Қайыңды мен Көлсайға барып көрдіңіз бе? Туристік өңірлерді дамыту жолға қойылғанымен неліктен жол салу мәселесі шешілмей отыр?» деп сұрады. 

Министр Көлсай мен Қайыңдыға барып көрмегенін және ондағы жолдың нашарлығын екенін жоққа шығармады.  

Көлсай мен Қайыңдыға баратын жол республикалық жолға жатпайды. Ол әкімшілік жол. Менің білуімше, Көлсайға баратын жол мүлде жоқ. Солай ғой? Қазіргі таңда Көлсай мен Қайыңдыға жол салу жоспарда жоқ. Дегенмен бұл сұрақты көтергеніңізге рахмет, - деді министр. 

Марат Қарабаев туристік нысандарға баратын жолдарды салу бойынша арнайы бағдарлама дайындалып жатқанын атап өтті. 

Аудандардан туристік нысанға дейін алып баратын жеке бағдарлама дайындап жатырмыз. Биыл 21 нысанға байланысты жоспар бар. Жалпы 93 нысан бар. Оның ішіне Қайыңды мен Көлсайды қосамыз. Дегенмен әзірге Қайыңды мен Көлсай бұл жобаларға кіргізілмеді. Оны кіргізу үшін сол жерге барып жобалық құжатын дайындау керек. Егер қазір тапсырма беріп, жобалық құжатын дайындауды бастасақ, ол әрі кетсе 2025-26 жылға қалады, - деп түсіндірді көлік министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға