Жаңалықтар

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 26.10.2023 14:00 1817

Әлемдегі ең танымал спорт ол - футбол. Жаһан халықтарының басын біріктіріп, эмоция сыйлайтын ойын да осы. Тіпті, бұл спорт түрі туралы әлем әдебиетінің классик ақын жазушылары мен ақындары да бірқатар туындылар жазған. Мысалы,  Иосиф Бродский мен Владимир Высоцкийдің ала допқа арналған өлеңдері бар. Ал,  жазушы Артур Конан Дойл мен Жан Поль Сартр жасыл алаңда болатын шайқасты жақсы көрген. Ең қызығы, француз жазушысы Альбер Камю кәсіби түрде футболмен айналысқан. Әңгіме футбол төңірегінде өрбігеннен кейін, біз бүгін  El.kz ақпараттық агенттігінің «Еңбек адамы» айдарының кезекті шығарылымына футболдан балалар бапкері Жандос Манашевті кейіпкер еттік.

Жандос Манашев – балалар бапкері. Футболда кәсіби-әуесқой деңгейлерде өнер көрсеткен футболшы. 2015 жылдан күні бүгінге дейін аталған спортпен айналысып, республикалық, халықаралық турнирлердің жүлдегері атанған.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Жандос футболға кездейсоқ келе қалған жоқ. Ол, кішкентайынан аталған спорт түріне қызығып, кейін түрлі деңгейде облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсетті. Оның айтуынша, ала допқа аңсары ауған балаларды жаттықтыру бала кезгі арманы екен.

Футбол – бұл әлемдегі нөмірі бірініші спорт екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жалпы, жастарды жаттықтыру ұзақ жылдар бойы ойымда болды. Өзімде футболға бала күннен қызыққаннан кейін, айналысқаннан кейін, жастайымнан бапкер болуды армандағанмын. Міне, ақырындап арманымыз да орындалып келеді, - деп атап өтті Ж.Манашев.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Жандостың жұмыс кестесі үш бөліктен тұрады. Алғашқы кезең таңертең сағат 8:00-ден басталады. Оның айтуынша, балалар жаттығуға кешікпейді. Жас та болса, жауапкершілікті сезінеді.

Жаттығуымыз 3 мезгілге бөлінген. Мысалы, таңертең 8:00-10:00, түскі уақытта 12:00-14:00 және кешкі 19:00-21:00 аралығында өтеді. Уақытылы жүргіземіз. Азанмен балалар жиналғаннан соң, жаттығуды жоспарлап, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Кейін, дене қыздырып, шеберлікті шыңдайтын жаттығуларға көшеміз. Жалпы, шәкірттерім жас та болса жауапкершілікті сезінеді. Барлығы да ұқыпты. Белгіленген уақыттан кешікпейді, - деді бапкер.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Қазір «Senim» футбол мектебінде 2010-2015 жылдар аралығында туған 70-тен астам бала жаттығады. Солардың бірі  - 10 жасар спортшы Қайрат Нұрәділ. Ол - Астана қаласының жастар арасында өткен біріншіліктің үздік ойыншысы. Нұрәділ бапкерінен әлі көп нәрсе үйреніп, пайдалы кеңестерін алғысы келетінін жасырмады.

«Senim» футбол мектебі ашылғаннан бері келіп жүрмін. Жандос ағайдың жаттығулары қатты ұнайды. Бапкерімізден көп жақсы дүниелер үйрендік. Бізге білгенін үйретіп, қателіктерімізбен жұмыс істейді. Жарыстарда үнемі қолдау көрсетеді. Ағайдан әлі де үйренетінім көп. Болашақта жақсы футболшы атанып, Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап, еліміздің намысын қорғағым келеді, - деді Нұрәділ.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Бапкер әр жаттығудың соңына таяғанда балаларға футбол ойнайтын арнайы уақыт бөледі екен. Оның пікірінше, бұл методика –  шәкірттерінің жаттығуда үйренген дүниелерін, іс жүзінде қайталауға мүмкіндік береді. Ал, бұл өз кезегінде жас жеткіншектердің жасыл алаңда жіберетін қателіктерінің алдын алуға көмектеседі.

 Жаттығудан кейін үнемі жастарға футбол ойнауға мүмкіндік беремін. Өйткені, олар үйренгендерін жасыл алаңда жасап көре алады. Соның арқасында ресми қалалық біріншіліктерге, жарыстарға қатысқан уақытта футболшыларымыз өздерін сенімді ұстайды. Мен де футбол ойнадым. Бірнеше дүбірлі дода да бағымды сынадым. Бастысы, мен жіберген қателіктерді шәкірттерім қайталамаса екен деймін. Себебі, ертеңді жақсартудың жалғыз жолы – бүгін нені қате жасағаныңды білу, - дейді Жандос.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Балалар спорт мектебі ашылғанына 6 айдан астам уақыт өткен. Мұнда 3 бапкер жұмыс істейді. Қазір мектепте Жандос директор әрі жаттықтырушы қызметін атқарады.

«Нар тәуекел — ер ісі» деп Дархан атты әріптесім екеуміз футбол мектебін ашқанымызға 6 айдан астам уақыт өтіпті. Қазір, Дархан клубымызда менеджерлік жұмыстармен айналысады. Ал, мен бапкермін. Менен бөлек, тағы екі жатттықтырушы жұмыс істейді, - Ж.Манашев.

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

«Неге Қазақстаннан бір Мессиді шығармасқа?» – балалар бапкері

Балалар бапкерінің айтуынша, мақсат - қазақ жастарының арасынан әлемдік деңгейді жұлдызды тәрбиелеп шығару. Жалпы, Жандос қазіргі жеткіншектерден көп үміт күтетінін тілге тиек етті.

Қазіргі балалардың футболға деген қызығушылығы мүлдем бөлек. Менің мақсатым жастардың көзіндегі от пен махаббатты – нәтижеге айналдыру. Мысалы, неге қазақтан Месси шығармасқа? Роналдудай талантты әрі темірдей тәртіпті ұстанатын балалар бізде жоқ па? Әрине, бар. Бір адамның қолынан келген дүние келесі адамнан да келеді ғой. Осы пікірімді айтсам, әріптестерім, достарым күледі. Бірақ, армандар орындалатынын да естен шығармау керек. Ал, қазіргі жастардың болашағынан зор үміт күтемін. Олардың әлемдік аренада атой салып жүретін деңгейге көтерілетініне де сенемін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға