Жаңалықтар

Неге Дубайдағы демалыс Қазақстаннан арзан?

Неге Дубайдағы демалыс Қазақстаннан арзан?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 08.04.2025 16:53 418

Қазақстанның Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевқа брифинг кезінде журналистер Дубайда демалу неге Қазақстандағы демалыстан арзан екенін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистердің айтуынша, Қазақстан азаматтарының көбіне Бурабайда демалу қалтасына ауыр тиіп отыр. Қырғыздар жазда Ыстықкөлге барып демалады, бұл елдің туризм саласына пайда әкеліп отыр. Ал бізде Бурабайда 5 күн демалу 350 мың теңге тұрса, Дубайда ұшақ билетімен қоса 135 + 270 мың теңгеге, яғни шамамен 405 мың теңгеге баруға болады.

Вице-министр Ержан Еркінбаев бұл жағдайдың басты себебі – Қазақстандағы ішкі туризм нарығында бәсекелестіктің аздығы екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға