Жаңалықтар

Недовесов теннистен Ұлыбритания турнирінің жеңімпазы атанды

Недовесов теннистен Ұлыбритания турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: ҚР теннис федерациясы 24.06.2023 10:48 548
Жұптық сайыста Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Александр Недовесов Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен бірге Ұлыбританияда өткен "Челленджердің" чемпионы атанды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Александр мен Гонсало чемпиондық атақ үшін кездесуде америкалық-австралиялық Роберт Гэллоуэй мен Джон Патрик Смит жұбын 2:6, 7:5, 11:9 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылған болатын.
 
Отандасымыздың бұл маусымдағы үшінші финалы болып отыр. 18 маусымда Александр мен Эскобар Нидерландыда өткен ATP 250 сериясы турнирінің чемпионы атағы үшін таласқан еді. Ал сәуірде қазақстандық теннисші португалиялық Франсиско Кабралмен бірге шығып, Босния және Герцеговинадағы ATP 250 шешуші матчында жеңіліп қалған-тын. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға