Жаңалықтар

"Не істесем екен?". Әнші Шахизадаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

"Не істесем екен?". Әнші Шахизадаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады
Фото: instagram.com/shahizada.art 24.11.2023 15:15 37194

Белгілі әнші Шахизада Байпатшанова тұрмысқа шығуға ұсыныс түскенін мәлім етті. Әнші бейтаныс жігіттің хатын жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Осыдан екі жыл бұрын әнші тұрмысқа шыққанын сүйіншілеген болатын. Алайда ол жалған болып шықты. 

Қайырлы кеш, жақсыларым! Осындай ұсыныс түсіп жатыр. Күйеуге шыққым келмеді. Не істесем екен деп ойланып отырмын, – деп жазды әнші. 

Бейтаныс жігіт әншіге хат биылдан қалмай үйленгісі келетінін айтқан.

Кеш жарық, Шахи! Болжаушылар келесі жылы үйленуге болмайтынын айтты. Мен саған тез арада Жаңа жылға дейін үйленгім келеді. Оның үстіне біз жас емеспіз. Сол үшін ашық сөйлесейік, маған ұнайсың, – деп жазды ғашық жігіт. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші өзінен 18 жас кіші жас әнші Ерболат Ержанбаевты күйеуім деп таныстырып, арты дауға ұласқан еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shakhizada Baipatchanova (@shahizada.art)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға