Жаңалықтар

Не болып кетті? Жұлдызай Дүйсенбиеваға операция жасалды

Не болып кетті? Жұлдызай Дүйсенбиеваға операция жасалды
Фото: instagram.com/zhuldizay_duisenbieva 28.04.2023 10:45 14474

Кезінде «Шаншар» әзіл-оспақ театрының арқасында жұлдызы жанған актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның тағы да денсаулығы сыр беріп, операция жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Не болып кетті, қашан жазыламын? Қысқасы операция. Аллаға тәуекел, дұғада болыңыздар, – деп жазды Жұлдызай Дүйсенбиева.

Бірақ актриса операциядан кейінгі жағдайы туралы әлі ештеңе айтқан жоқ.

Бұған дейін ол бірнеше денсаулығы бергенін айтқан. Әсіресе, соңғы уақытта қан қысымының жиі көтеріліп жүрген болатын.

«Шаншардың» бұрынғы жұлдызы бүгінде бір қызды тәрбиелеп отыр. Ол болашақта тағы да балалы болуға ниетті екенін білдірген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға