Жаңалықтар

Үндістан стиліндегі этножаз

Үндістан стиліндегі этножаз
13.08.2018 05:58 2539

 

«Этнолето в стиле Инди»: керемет үнді билері, мантрылар және мехенди өнері.

Облыстық Достық үйі екінші жыл «Этнолото» фестивалін өткізіп отыр. Биыл ұйымдастырушылар іс-шараның тақырыбына еркіндік берді, ал «инди» сөзі «еркіндік» деген мағынаны білдіреді және  Үндістанмен үндестігі бар, сондықтан бұл сөз фестивальдің атауына да кірді.

Мереке кезінде қостанайлықтар өздерін үнді мәдениетін толығымен сезінуге  мүкіншілік алды. Фестивальға қатысу үшін мехенди шебері Индира Мусина Таран ауданынан арнайы келді.

«Мен Үндістанды, оның мәдениетін бала кезімнен жақсы көремін. Мен жақсы сурет саламын, 2015 жылы мен бірінші рет  мехендимен айналысуға бел будым. Маған ұнады, сондықтан әрі қарай дарынымды дамыта бастадым. Мен бәріне өзім қызығамын, оқимын, сызбаларды іздеймін. Мен сурет салғанда, өзім  білетін элементтерді қолдануға тырысамын. Мысалы, үйлену тойында Үндістанның қыздарына бақыт пен сүйіспеншілік тілектерін білдіретін гүлдердің суретін салады», — деді Индира.

Индираның  қасына жақын арада кезекке тұрғандар көбейді. Балалар мен ересектер өздерін мағыналы суреттермен  безендіргісі келді.

Қыздар Виктория Басова, Светлана Костенко, Екатерина Скорикова, Алена Гаврилова және Камшат Абикенова ерекше атмосферасы құрды. Оларға үнді мәдениетіне өте жақын. Олар сари киіп, бірегей құралдармен  келді — ән шырқайтын үнді табақтарымен.  Қыздар тостағандарда ойнап, мантры әндерін орындады.

«Қолдарына дұрыс алған жағдайда, кез келген адам табақтарда ойнай алады. Сол қолдың ашық алақанына  тостаған қою керек, ал тостағанға соққы беріп, жоғарғы шетін бойлай жүргізу керек. Мен тостағанның бірін Үндістаннан, ал екіншісін Непалдан әкелдім», — дейді Виктория.

Виктория Үндістанға бірнеше рет  барған  және 10 жылдан астам уақыт үнді мәдениетіне қызығушылық танытып жүр.

Алена осы керемет елде 2 жылын өткізді және Үндістан, сол жерде болған адамдардың не бірден сүйіспеншілігін немесе  жеккөрушілігін тудыратыны туралы әңгімеледі.

Камшат Үндістанға үш рет барып, әр уақытта ашрамда тұрған. Ол рухани және мәдени құндылықтармен танысып, мантры әнін айтып үйренген және қазіргі уақытта өзінің осы талантын дамытып жүр.

Қостанайлықтарға  мантры ұнады және олар тіпті қыздармен бірге ән шырқады.

«Этнолето»-ның  басты қонақтары Арқалықтан Айгерім Осипова және оның «Натараджа» классикалық үнді биінің ансамблі болды, аударғанда «бидің королі» дегенді білдіреді. Әйгерім екі рет Үндістанның елшілігінен Дели қаласындағы көркемөнер мектебіне оқуға гранттар жеңіп алды. Алғаш рет ол 3 жыл, содан кейін тағы екі жыл өткізді. Бірақ оның Үндістанға деген сүйіспеншілігі үшінші сыныптан басталған.

«Біз ертеңгілікке  үнділік биін дайындадық, сол кезде менің осы елге деген сүйіспеншілігім оянды. Үнді фильмдерін көріп, үнді музыкасын тыңдадым. Алматыда экономист-бухгалтерге оқыған кезде, өзімнің алғашқы оқытушым Ләйля Омароваға жолықтым. Ол елшілікте жұмыс істеп, биден сабақ беріп жүрген. Осыдан кейін бәрі бұрылып, грантқа құжаттар тапсырдым», — деді Айгерім.

Айгерім өзінің би ұжымын Үндістанға барарға дейін құрған. Жарнаманы оқығаннан кейін, топқа 50 адам қосылды. Қазір ұжымда 30 адам би билейді: кіші, орта және үлкен топтар. Қостанайда ұжым екінші рет өнер көрсетті, бірінші рет 2008 жылы билерін билеген.

Үндістанда білім алу барысында ол хинди үйренді. Оның айтуынша, тілді білмей, биді сезіну, оны түсіну мүмкін емес. Енді балаларды оқытуда Айгерім тілде сөйлеуге және үйретуге ​​тырысады, би элементтері мен олардың аттары туралы хинди тілінде сөйлейді.

Бағдарламада көрермендер тамашалаған билер: «Панджаби», «Тхим та даре», «Катхак»,  «Зуби дуби» әзілкеш, «Салам», «Гареман», «Нагада», «Рангила», «Марджани», «Болливуд».

Талантты Константин Чеботарь жетекшілік ететін  қостанайлық «Индиго» би ұжымы екі жарқын биін ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға