Назым Қызайбай ММА-де бағын сынап көргісі келеді

26.06.2022 03:43
1066
Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлжелідегі парақшасында кәсіби ММА-де бағын сынап көргісі келетінін айтты, деп хабарлады El.kz
Назым Қызайбай оқырманының сұрағына «ММА-де бағымды сынап көргім келеді. Көреміз. Бәрін уақыт көрсетеді» деп жауап берді.
Айта кетейік, кейінгі әлем чемпионатында Назым Қызайбай жарысты ерте аяқтап, жүлдеге қол жеткізе алмады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді