Жаңалықтар

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.03.2025 21:23 300

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербиядағы біріншілікте үш дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңіп, қазақтан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Назым бұған дейін әлем чемпионаттарында 2014, 2016 жылдары чемпион болған. Ал 2012 жылы Қытайда өткен біріншілікте қола жүлдеге ие болған. 

Сондай-ақ, Қызайбай 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға