Назым Қызайбай лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
01.06.2024 17:15
654
Бокстан Таиланда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол 50 келіде сынға түсіп, 1/8 финалда британиялық Васанна Стаблиді 5:0 есебімен ұтты. Үшінші раундта Назым Васаннаны нокдаунға жіберді. Енді Олимпиада лицензиялық иелену үшін отандасымыз тағы бір жекпе-жекте жеңіске жетуі керек.
Бүгін шаршы алаңға шыққан Валентина Хальзова да ширек финалға шыққан болатын. Бангкоктағы лицензиялық турнир Париж Олимпиадасына жолдама беретін соңғы жарыс. Бұл сынға елімізден 6 боксшы аттанған болатын. Алайда олардың үшеуі жолдамадан тыс қалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасын иеленуге бір қадам қалды