Назым Қызайбай әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды

Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
14.03.2025 22:22
225
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында танымал спортшы Назым Қызайбай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
48 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қызымыз Солтүстік Кореяның спортшысы Хонг Кионг Рионгпен кездесті. Жерлесіміз жекпе-жекті өте сауатты өткізе білді. Соққы алмасу, қорғаныс пен шабуыл жасау барысында да нәтижелі қимылдап, төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен басым түсті.
Назым Қызайбайдың ақтық сындағы қарсыласы - ресейлік Юлия Чумгалакова.
Айта кетсек, бұған дейін отандасымыз 2014 және 2016 жылдары да әлем чемпионаттарында финалға шығып, чемпион атанған еді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Бурабайда жеке монша өртенді