Назым Қызайбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
13.03.2025 01:15
170
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай (48 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионаттағы алғашқы жекпе-жегінде Назым словакиялық Николь Дуриковамен кездесті.
Қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, еш қиындықсыз жарыстың ширек финалына өтті. Үшінші раундта төреші кездесуді тоқтатты.
Айта кетейік, 12 наурызда 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Надежда Рябец те ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жарысты жалғастырудан бас тартты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркістанда тұрғындар жаппай сушиден уланды
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында 4,6 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды