Жаңалықтар

Назардан тыс қалып қойған стенд атушылардың тарихи жетістігі

Назардан тыс қалып қойған стенд атушылардың  тарихи жетістігі
05.06.2023 18:51 1415

Соңғы бір-екі аптада еліміздің ақпарат кеңістігінен былғары қолғап шеберлері ойып тұрып орын алды. Бокс сияқты медаль көп түсетін спорт түрінен чемпион атанған 4 жігітке барынша сый-құрмет көрсетіліп, әртүрлі жаңалықтар легі толастамады. Алайда осындай жарқ-жұрқ еткен жағдай аясында отандық спортта болған айтулы бір оқиға лайықсыз назардан тыс қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Біз ,бұл жерде стендтік ату туралы айтып отырмыз. Себебі елімізде өткен рейтингтік әлем кубогында отандастарымыз командалық есепте жеңіске жетті. «Трап/микс» аралас жаттығуында Мария Дмитриенко мен Виктор Хасянов, ал «skeet» жаттығуы бойынша жеке есепте Әсем Орынбай чемпион атанды. Тағы бір күміс медальды қоржынға «skeet/mix» жұптық жаттығуы бойынша Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко салды.

Жалпы жарыс қалай өтті, оның ел үшін қандай тарихи маңызы бар және бізде олимпиадалық лицензиялар бола ма деген сауалдарға стендтік атудан ұлттық құраманың бас бапкері Сергей Колос жауап берді.

Назардан тыс қалып қойған стенд атушылардың  тарихи жетістігіБіздің елде өткен Әлем кубогына дүниежүзінің 42 елінен 350-ден астам мықты спортшы қатысты. Александр Асанов атындағы Алматы атқыштар клубы осы спорттың кіл мықтыларын жинады, себебі бұл жерге әлемдегі ең үздік стенд атушылардың 80 пайызы келді. Бұған ебеп – біздің Әлем кубогы рейтингтік турнир саналады. Ол ISSF кестесі бойынша рейтинг көтеруге және Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін берілетін ұпай бойынша лицензия алуға мүмкіндік береді. Осы тұста біздің федерацияның шәкірттері 2 алтын және 1 күміс жүлде жеңіп алғаны – үлкен олжа. Былай айтқанда спортшыларға өз алаңы да көмектесті.

Біздің команда биыл бірнеше Әлем кубогына қатысты. Тіпті жартылай финалда да болды. Алда тағы бірнеше кубоктық жарыстар бар. Бірақ 2023 жылғы басты дода – әлем және Азия чемпионаты, содан кейін, әрине, Қытайдағы жазғы Азия ойындары. Өз құрлығымызда БАӘ, Қытай, Оңтүстік Корея және Таиланд спортшыларымен бәсекелесе отырып, жоғары деңгейдеміз. Әйелдер арасында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина және Мария Дмитриенко сияқты таланттарды атап өтуге болады. Осы орайда Мария траншея стендіндегі әлем көшбасшыларының бірі ретінде, кейде, тіпті, ер адамдарды артта қалдырады. Ерлер командасында Виктор Хасяновқа, Әлішер Асылбаевқа, Владислав Мұхамедиевке және Эдуард Ещенкоға үміт артып отырмыз.

Жақында Ханьчжоуда өтетін жазғы Азия ойындарының олимпиадалық лицензияларға мүлдем қатысы жоқ екенін атап өткен жөн. Бұл ойындарға ешқандай ұпай берілмейді. Бұл жеке жарыс, былай айтқанда «олимпиадалық Азия ойындары» деуге болады. Осыған дейін 2018 жылы Джакартада өткен Азиа ойындарында Қазақстанда дубль-трапта ғана жүлде алды. Ол кезде Дмитриенконың қола медаль иеленген еді. Дөңгелек стендтің жалпы бағдарламасының көшбасшысы болған Мұхамедиев 125 ұпайдың 124-ін қағып түсірген еді. Бірақ финалда нәтижелері жойылып, ол тек 6-шы орын алып қалды. Өкінішке қарай Индонезия астанасында командалық есеп болған жоқ, әйтпесе біз ол жақта әрдайым медаль аламыз. Енді Қытайда ол бағдарлама қатарында болады және біздің 3 адамнан тұратын спортшылар «алтын» ұтып алады деп үміттенейік. Қазіргі кезде бізде барлық жаттығу процесі жолға қойылған, барлық жұмыс Азия ойындарында нәтижеге көрсетуге жетеді. Қытайда біздің жоспарымыз 2 медаль жеңіп алу.

Назардан тыс қалып қойған стенд атушылардың  тарихи жетістігіӘлем кубогындағы жеңіс біздің спортшыларға сенімділік беретіні сөзсіз. Биылғы Азия ойындарынан бөлек бізде Бакуде өтетін лицензияланған әлем чемпионаты да бар. Бұл өте маңызды жарыс. Сәтті әрі сенімді өнер көрсетеміз деп үміттенеміз.

Олимпиада ойындарына келсек... Осыған дейінгі төртжылдықтың барлық жарысында Қазақстан атынаан кем дегенде бір спортшы шығатын. Ал 2020 жылғы Токио олимпиадасында еліміз атынан екі стенд атушы Зоя Кравченко мен Әсем Орынбай өнер көрсетті.  Бұл да өзі даму.

Назардан тыс қалып қойған стенд атушылардың  тарихи жетістігіҚазіргі кезде Қазақстанда стендтік ату мектептері өте көп. Бұл тұрғыда федерацияның, мемлекет, яғни Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан атқарылған жұмыстың нәтижесін көріп жатырмыз. Негізгі даму орталықтары Шымкент, Астана және Алматыда орналасқан. Бізге ең бастысы не? Адамдардың осы спортпен неғұрлым көп айналысқаны керек. Сол кезде табысқа жету әлдеқайда оңай болады. Осы бағытта келеміз.

Алматыда өткен стендтік атудан Әлем кубогын алғаш рет OBC олимпиадалық арнасы көрсетті. Спортшылардың финалдық жарыстарын онлайн режимінде ISSF (Халықаралық спорттық ату федерациясы) YouTube арнасы мен Qasport республикалық телеарнасынан тамашалауға мүмкіндік болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға