Жаңалықтар

Назарбаевтың жиені «Транстелекомның» директорлар кеңесін басқаратын болды

Назарбаевтың жиені «Транстелекомның» директорлар кеңесін басқаратын болды
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 01.08.2023 09:47 3168

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәли Әлиев «Транстелеком» АҚ директорлар кеңесін басқаратын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізіміне енетін «Транстелеком» АҚ (Астана) мәліметінше, 2023 жылғы 25 шілдеде акционерлер жиналысының қорытындысы бойынша компанияның директорлар кеңесі сайланды, - делінген KASE таратқан мәліметте.

Директорлар кеңесіне мына адамдар кіреді: Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б.М., Гумаров Э.М., Ахметжанов А.М., Аниховский В.А., Ибраимов К.У.

KASE мәліметінше, 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивиденттер төленбейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға