Жаңалықтар

Назарбаевқа артықшылық беретін нормалардың қайсысы қалды? Әділет министрі жауап берді

Назарбаевқа артықшылық беретін нормалардың қайсысы қалды? Әділет министрі жауап берді
Фото: ҚР Әділет министрлігі 07.11.2023 12:56 2290

Үкімет отырысынан кейін журналистер әділет министрі Азамат Есқараевтан Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына артықшылықтар беретін нормалардың қайсысы қалғанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан заңнамасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына белгілі бір артықшылықтар беретін нормалардан толығымен тазарды деп айта аламыз ба?» деп сұрады журналистер Есқараевтан үкімет кулуарында.

Оның қол сұғылмаушылық кепілдігі бар, көлік қызметтеріне құқығы бар, тиісті баспанасы бар. Бірақ бұл оның отбасына қолданылмайды, - деп түйіндеді министр.

Министр бұрынғы президенттің мәртебесіне қатысты түзетулер енгізіліп жатқанын айтты.

Бұл жұмыс жалғасып, заңнамаға тиісті түзетулер енгізілді, бірақ мұның бәрі қаңтарда қабылданған заңды жүзеге асырудың қисынды жалғасы болатын. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр, - деп жауап берді әділет министрі журналистердің сұрағына.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға