Жаңалықтар

«Назарбаев Қорында» жиналыс өтіп, қызметі туралы есебі қаралды

«Назарбаев Қорында» жиналыс өтіп, қызметі туралы есебі қаралды
Фото: gov.kz 21.10.2023 14:24 1199

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев «Назарбаев Қоры» жеке қорының Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырыста Қордың 2010 жылдан 2023 жылға дейінгі жұмыс кезеңіндегі қызметі туралы ақпарат таныстырылып, Қордың 2022 жылға арналған жыл сайынғы қаржылық есептілігі қаралды. 

Сонымен қатар, Қордың Қамқоршылық кеңесі мен тексеру комиссиясы туралы ережелер бекітіліп, оның қызметі бойынша бірқатар басқа да маңызды мәселелер қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, Ерұлан Жамаубаев - 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Назарбаев Қоры» жеке қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға