Найзағай түскен: Қарағанды облысында шөп өртенді
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД
02.08.2023 23:12
965
2 тамыз күні сағат 15:50-де Қарағанды облысының Осакаров ауданында Жансары ауылдық округінде найзағайдың түсіп, үш ошақта құрғақ шөп өртенді, кейіннен сол «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына көшкен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт 19:10-да оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы анықталуда.
Өртті жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің және ерікті өрт сөндіру бөлімдерінің барлығы 46 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылған, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Астана» Чемпиондар лигасынан шығып қалды